№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 30 жылда 32 мектеп салынды

30 жылда 32 мектеп салынды


Кез келген мемлекеттің даму көрсеткіші – білім мен ғылым саласының серпілісінен көрінеді. Елдік жолда атқа қонған азаматтар осыны ескеріп, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ білім беру саласына басымдық беріп, мектеп салуға маңыз берді. Мұндай жемісті еңбектің көрінісін біздің ауданнан да көруге болады.

Мәселен, Тәуелсіздік 30 жылында 32 мектеп салынып, есігін ашты.
1991 жылы Қандөз ауылдық окру­гіндегі №240 Ғани Мұратбаев атындағы мектеп, 1992 жылы Өзгенттегі №224 мектеп, 1993 жылы №255 негізгі мектеп бой көтерді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары есігін ашқан білім ордалары мұнымен шектелген жоқ. 1995 жылы Өзгенттің екінші білім ордасы – №245 мектеп пен Қаратөбедегі №229 құтты мекенде оқушыларға саналы білім бе­рудің жарқын жолы ашылды.
ХХІ ғасырдың алғашқы оңжыл­дығында білім беру саласында талап-міндеттерді шешу қажеттілігі туындады. Ұлт қазынасы әлі кемелденіп, кемеріне келмеген тұс. Бұл тұста ұлтымыздың асар әдісі қайта жаңғырып, мектептерді көптің күшімен салудың жолы табылды. Атап айтқанда, Құттықожа ауылындағы №164 мектеп, Жайылма ауылындағы №195 мектеп, Машбек ауылындағы №196 мектеп, Қожамберді ауылындағы №162 мектеп, Аққұм ауылындағы №221 негізгі мектеп, Түгіскен ауылындағы №256 мектепті айтуға болады.
2007 жылдан бастап заманауи талап-міндеттерге сай келетін типтік жобадағы 21 мектеп пайдалануға берілді. Манап ауылдық округіндегі №160 мектептен басталды. Одан кейінгі уақытта Жаңақорған кентіндегі №125 С.Сапарбаев атындағы мектеп, Кеңес елді мекеніндегі №239 мектеп, Еңбек елді мекеніндегі №242 мектеп, Талап ауылдық округіндегі №247 мектеп, Қожакент ауылдық округіндегі №184 мектеп, Екпінді ауылдық округіндегі №166 мектеп, Талап бекетіндегі №254 мектептің жаңа ғимараты салынды.
Төменарық ауылдық округіндегі №223 мектеп, Аққорған ауылдық ок­ру­гіндегі №209 Ә.Әбутәліпов атын­дағы мектеп, Кейден ауылдық окру­гіндегі №208 мектеп, Сунақата ау­ыл­дық округіндегі №194 мектеп, Келін­төбе ауылдық округіндегі №192 мектеп, Қыраш ауылдық округіндегі №180 Қызылмақташы мектебі ауыл тұрғындарын шынайы қуантқанына куә болдық.
Ақүйік ауылдық округіндегі №55 С.Қожанов атындағы орта мектеп, Қосүйеңкі ауылындағы №161 мектеп, Жаңақорған кентіндегі №110 мектеп-лицей, №56 мектеп, Сүттіқұдық ауылдық округіндегі №52 Б.Аралбаев атындағы мектеп есігін ашты.
Бүгінде Жаңақорған кентінде №169 мектептің жаңа ғимаратының құры­лысы жүруде. Сондай-ақ, МАИ бекеті, Ипподром аумағында жаңа білім ор­дасының іргетесі қаланып, құрылысы қарқын алды.
Бір аудандың білім саласына осын­шалықты деңгейде көңіл бөлінді. Мұны аудан тұрғындары жоғары бағалайды. Мұндай пікірді «Қазақстанның Құрметті құрылысшысы» Алшынбай Тұртановтан естідік.
Олжалы отыз жылды саралап отырып елді мекендер арасында екі рет мектеп салынған бағамдадық. Бұл да тәуелсіздіктің тартуы.
Әсел РЗАЕВА
18 желтоқсан 2021 ж. 547 0