№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ұлағатты ұстаз атындағы шәкіртақы иесін тапты

Ұлағатты ұстаз атындағы шәкіртақы иесін тапты

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді». Жазушы Мәлік Ғабдуллиннің осы ұлағаты Орынбасар Абибуллаев ағамыздың атына бағытталғандай. Расында, ол тұлғалық болмысымен шәкірттеріне, әріптестеріне ерекше әсер ететін. ҚР Білім беру ісінің үздігі, марқұм Орынбасар Абибуллаев атындағы шәкіртақы тағайындау дәстүрі биыл алтыншы рет өткізілді.


Шәкіртақы Орынбасар Абибуллаев 30 жылдай басқарған №239 және №54 мектептің ҰБТ-дан оза шапқан озат оқушыларына беріліп келеді. Биылғы жылы арнаулы шәкіртақы №54 мектептің ҰБТ нәтижесі бойынша ең жоғары балды жинаған түлектерге табысталды. Тарқатып айтсақ, ҰБТ көрсеткішінде 111 балл жинаған Дина Өмірзаққызы Рысбайға, 100 балл еңсерген Иманғали Ерланұлына, Ақгүл Ергешбаеваға тағайындалды.

Айта кетейік, межелі көрсеткішке ие болған №239 мектеп түлектеріне дәл осындай шәкіртақы алуына мүмкіндік бар. Шәкіртақы мен сертификаттар №239 мектеп басшысына салтанатты түрде табысталатын болады. Сондықтан осы мектептің бітіруші түлектеріне алдағы тестілеу кешенінде бар жинаған білімін жоғары деңгейде көрсетеді деп сенеміз.

Шәкіртақы үлестірудегі басты мақсат – Сыр өңірінің, Жаңақорған ауданының білім саласына үлкен үлес қосып, мыңдаған шәкір тәрбиелеген ұстаз Орынбасар Абибуллаевтың еңбегін дәріптеу, есімін жас ұрпақ жадында жаңғырту. Бұған дейін аталған білім ордаларының 20 оқушысы шәкіртақыны иеленіпті.

Дәстүрлі шәкіртақыны Жаңақорған ауданының құрметті азаматы, Білім беру үсінің үздігі, ардагер ұстаз Үмбет Әбибуллаев пен Парасат Орынбасарұлы «Соңғы қоңырау» шарасында салтанатты түрде тапсырды.

– Қарапайым орта мектептерді облыстағы озат оқу ордаларының қатарына қосып, елдік білім беру ісіне үлкен үлес қосқан Орынбасар Абибуллаевтың есімі ел есінде, ұрпағы еш ұмытпайды. Біз ағамыздың ғибратты ғұмырынан үлгі алып, халық игілігі үшін төккен терін қадірлейміз. Отбасы мен әулеті атынан жыл сайын шәкіртақы үлестіріп, осы істі дәстүрге айналдырып келеміз, – деді Үмбет Әбибуллаев басқосуда.

Дәстүрлі шәкіртақыға ие болған Дина Өмірзаққызы:
– Біздің алтын ұямыз білім бәсекесінде өз биігін айқындаған білім ордасы. Жыл сайын талай талантты жастар осы шәкіртақыға ие болып, үлкен өмір жолына қанаттануда. Мен де осы көштің ізіне ілесіп, сыныптастарымның абыройын асқақ етіп, тау тұлғамыздың атындағы шәкіртақысына ие болып отырмын. Бұл мен үшін жауапкершілік әрі шағармашылық шабыт береді, – деді ол.

Мақпал МАРҚАБАЙ
17 маусым 2023 ж. 128 0