№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жаңартылған білім беру-заман талабы

Жаңартылған білім беру-заман талабы

 Мектепте 29қазан-2 қараша аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен «Жаңартылған бағдарлама  аясында оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді әдістемесі» тақырыбында 36 сағат көлемінде біліктілікті арттыру мақсатында «Өрлеу» филиалының ИТ ж ГЖ пәндері оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Есмағанбетова Ұлбала Хамитқызының жетекшілік етуімен курс болып өтті.
   Курс барысында мұғалімдер білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларын «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын насихаттау, жаңартылған бағдарлама принциптеріне, ҚМЖ құрылымын және жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін меңгерді.Мұғалім- шығармашылық ізденістегі тұлға. Егер ол ізденісін тоқтатса,жеміс бермес қу ағашқа айналмақ.Бұл қауіпті де қасіретті жайт.Бұлай болмас үшін әр ұстаз үнемі білімін жетілдіріп,тәжірибе алмасып,шығармашылық тұрғыда дамып отыруы шарт.                                                        
   «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды,ұстаз шәкіртіне талмас қанат сыйлайды» демекші,ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі,қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе,жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. «Мұғалім өзінің білімділігімен,жүріс тұрысымен, жайдары мінезімен тіпті сырт пішіні,киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» деп М.Ғабдуллин атамыз айтқандай мұғалім –мектептің жүрегі.Мұғалім ақылды,қайратты болуы шарт.Осы тұрғыда мұғалімдер курс барысында терең тыңдалым болуын,сабақ мақсатынының міндетті түрде орындалу қажеттігін,мақсатқа жету барысында тиімді әдіс-тәсілдер қолдануды үйренді.                        

Жұмабекова Қымбат Тәңірбергенқызы
                         №167 жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
                             Жаңақорған ауданы,Жаңарық ауылы.
07 қараша 2018 ж. 1 449 0