№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тіршілік тармағы – табиғатты аяла

Тіршілік тармағы – табиғатты аяла



Таза ауаны қалыпты ұстауда ұшан-теңіз қызмет атқаратын жасыл ағаштардың қалың қорын жасақтап тұрған орман алқаптарының аумағын ұлғайтып, тілсіз жау саналатын от пен судан қорғауда аудандық орман шаруашылығы қызметкерлері қырағы жұмыстарын бір төмендеткен емес.
Мекемеге қарасты жалпы орман қоры жері 791 557 га болса, оның ішінде орманды жерлер 691 639 га, ормансыз жерлер 99 896 га-ны құрайды.
Орман қызметкерлері соңғы кезде жайылып бара жатқан ағаш түрлеріне он жылдық мораторин жариялағанымен оларды, мәселен сексеуілді кесу әлі толастамай отыр. 2018 жылы көлемі 3,97 м.куб. сексеуіл ағашын шапқан, табиғатқа келтірілген 47,7 мың теңгенің шығыны есептеліп, ол толығымен аудандық сот арқылы өндірілді.
Сексеуіл ағашын шапқаны үшін текшеметріне 12025 теңге көлемінде айыппұл салынатынын ескерткіміз келеді.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 339 бабына сәйкес Республика қызыл кітабына ендірілген тораңғыл ағашын шапқаны үшін 3000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға  дейінгі бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Орманда дала өрттерінің алдын алуда мекеме қызметкерлері қажырлы жұмыс жасап келеді. Ормандардың жануы кейде найзағайдан болады, бірақ өртті орманға жиірек адам әкеледі.
Орман өрттері болуының ең типтік себептері: сөндірілмеген шылым не сіріңке; аңшы атқан соң, тығын бықсып жана бастайды; механизатор орманда майланған материалды тастап кеткен, қауіпсіздік техникасының ережелерін бұзып техникаға жанармай құйған, көліктің жанында шылым шеккен және т.б; саяхатшылар, ауыл шаруашылығының жұмысшылары кепкен шөптің үстіне, кесілген қалдықтары бар ағаш кесетін жерде, ағаштың аст ында алау жатқанда; орман алаңдарында шөпті немесе орманның жанындағы өрісте орылған егістің орнын жаққан жағдайда өрт шығуы мүмкін.
Ормандағы өрттер төменгі, жер астындағы (торфты) және жоғарғы болады. Төменгі өрттерде (барлық оқиғалардың 90 пайызы) ағаштардың төменгі жағы, шөп, шөпшек, жерден шығып тұрған тамырлары жанады. Таралу жылдамдығы – 1 метрден 3 метрге дейін, жалынның биіктігі – жарты метрден 1,5 метрге дейін. Минутына 3-4 жылдамдықта өрт 10-14 сағатта үлкен өртке айналады.
Жоғарғы жиі болатын өрт қатты желде болу мүмкін: от ағаштардың ұшар бастарынан минутына 5 метрден 100 метрге дейін және оданда көп жылдамдықпен өтеді. Жел жанып жатқан бұтақтарды және ұшқындарды таратады, олар өрттің жаңа ошақтарын тудырады.
Кез келген апат жағдайда тұрғындар қорғау жұмыстарына қатыстырылады.
Әрине орман өрттерімен біріншіден өз базасы бар мемлекеттік қызмет айналысады.
Елді мекенге тақалған өртті тоқтата алмау жағдайында мемлекеттік қызметтер дүниені және малды қалай қорғау керектігін, не істеу қажеттігін, ал қажетті жағдайда эвакуациялау туралы алдын ала хабарлайды. Жеке заттарды тастан жасалған жанатын конструкциясыз салуларда немесе жерге көміп сақтауға болады.
Эвакуация мүмкін болмаған кезде тек тастан жасалған саңылаусыз ғимараттарда, азаматтық қорғаныс баспаналарында немесе үлкен ашық алаңдарда күте тұру керек. Естеріңізде болсын, әрбір азамат сөндірілмеген шылым не сіріңке тастамауға, жалпы орман шегінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы тиіс.
Б.Исматов, орман қорғау инженері.
23 тамыз 2019 ж. 767 0