№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Орман өртін сөндіру оңай емес

Орман өртін сөндіру оңай емес


«Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттікмекемесі»  коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі жалпы орман қоры жері 791 557 га жерді құрайды. Оның ішінде орманды жерлер 691 639 га, ормансыз жерлер 99 918 га, орманмен қамтылған алқабы 541 756 га болып бөлінген.
Орман шаруашылығының басты міндетті орман өрттінен қорғау болып табылады.
Орман өртін сөндіру оңай шаруа емес. Сондықтан оған жол бермеудің алғы шарттарын қатаң сақтау қажет. Орман өрті жедел өтеді және тез таралады. Қалың ағаш ішіндегі өрт — минутына 3-4 метр жылдамдықпен таралып 10-14 сағатта үлкен өртке айналады. Оның ішіне кіру де, өрт сөндіру техникаларын енгізу де қиын шаруа.
Орман өрті қатты желді күні тіпті өршіп кетеді.  От ағаштардың ұшар бастарынан минутына 5 метрден 100 метрге дейін және одан да көп жылдамдықпен өтеді. Жел жанып жатқан бұтақтарды және ұшқындарды жан-жаққа таратады, олар өрттің жаңа ошақтарын тудырады.
Орман өрттерінің болуының негізгі себептері мыналар:
– сөндірілмеген шылым не сіріңке;
– механизатор орманда өрт қауіпсіздігін сақтай бермейді. Тұтануға бейім майланған материалды тастап кетеді, техника қауіпсіздігін бұзады, көліктің жанында шылым шегеді және т.б.;
– орман ішінде болған саяхатшылар, демалушылар,  ауыл шаруашылығының жұмысшылары кепкен шөп, кесілген ағаш қалдықтары бар жерлерге алау жағады;
– орман алаңдарына жақын жерлердегі егістің орнын жағады;
– күннің сәулесі мол түсетін жерлерге шынының сынығын тастап кетеді. Ал ол жандырғыш линза тәрізді күн сәулесінен қуат алып құрғақ шөптерді тұтандырады;
                                     
Сұлу табиғатымыздың адамзатқа берері әлі көп. Ал, ормандағы жасыл желектің қиылуына жол бермей, өрттен сақтау – орманшылардың басты міндеті. Сондай-ақ, бұл жалпы халықтық іс болып табылады. Ендеше, табиғатымызды өрттен қорғайық!
"Жаңақорған орман және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесі"
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

30 наурыз 2021 ж. 481 0