Соңғы жаңалықтар

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Түгіскен аймағы тұғыр төрінде

Түгіскен аймағы тұғыр төрінде


Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 30 жыл толуына орай, білікті ұстаз Бақытжан Ергешбайұлын еске алуға арналған мектеп оқушылары арасында «АЙБЫН» республикалық жастар жиынының аудандық кезеңі өтті. Сайыс Бақытжан Кенжебаевтың алғашқы әскери дайындық пәнінен ұстаздық еткен №208 орта мектеп әскери спорттық базасында ұйымдастырылды.


Аудандық кезеңге орталық аймақ (№3, №51, №163 білім ордасы), Ақүйік аймағы (№55, №164 мектеп), Төменарық аймағы (№52), Бесарық аймағы (№54, №180, №239), Сыр аймағы (№167, №213, №245), Түгіскен аймағы (№168, №192, №240) және № 208 мектеп командасынан 50-ге жуық оқушы қатысты.
Алдымен сап түзеген жас сарбаздар Әнұранды шырқап, жігерленіп алды. Сайысты №208 орта мектеп директоры Айжан Шерубаева, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының әскери патриоттық тәрбие жөніндегі көмекшісі Гүлмира Исабаева, аудандық білім бөлімі АӘТД, денешынықтыру пәні әдіскері Нұрсұлтан Тұрмаханов ашып, оқушы оғландарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, №163 мектеп ұстазы, ауған соғысының ардагері Қуаныш Әбләкімов, №54 мектеп мұғалімі Мырзан Қылышбаев №162 білім ордасынан Ақайдар Мадалиев және Бақытжан Ергешбайұлының отбасы мүшелері сөз алып, жылы лебіздерін білдірді. №192 мектеп педагогы Арман Егембердиев сайыстың мақсаты, шарттарын және ережесін таныстырды.
– Сайыс бағдарламасы бойынша, жарыс 7 кезеңнен тұрды. АК-74 оқу қаруын жартылай бөлшектеу және жинақтау кезеңі, пневматикалық винтовкамен жатып нысана ату, жалпы әскери қорғаныш жиынтығын кию, әскерлендірілген эстафета, кермеде тартылу, шалқалап жатып денені көтеру және арқан тарту сайысы бойынша сынға түскен шәкірттер барын салды. Жалпы бұл сайысты өткізудегі мақсат – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу, болашақ елдің тұтқасы екенін сездіре отырып, спорттық, әскери әлеуетін арттыру болды. Жыл сайын дәстүрге айналған жарыс биыл да жалғасын тапты, бұйырса іріктеуден сүрінбей өткендер облыс, одан соң республикалық тұғырда бақ сынайтын болады, – деді А.Егембердиев.
Жарыс барысында мектепте сайысқа қатысушы оқушыларға кезекшілер ұйымдастырылды. Сонымен 7 сайыс нәтижесі бойынша бас жүлде Түгіскен аймағына, №168 мектеп оқушыларына бұйырды. Нұрлан Башаров тәлімгерлік ететін жастармен бірге бұл тұғырға Арман Егембердиевтің шәкірттері, №192 мектеп пен №240 мектеп, Амантай Сұлтановтың оқушылары тұрақтады. Бірінші орын Бесарық аймағына бұйырды, (№54, № 180 және №239 мектеп). Екінші орын Сыр аймағының еншісінде кетті. №167, №213 және №245 мектеп шәкірттері жақсы нәтижемен күміске қол созса, қолаға Төменарық аймағынан келген №52 мектеп қол созды.
– Аудандық кезеңді қорыта келе, жеңімпаз мектептерден сайыс бағдарламасының кезеңдері бойынша үздік нәтиже көрсеткен 15 оқушы іріктеліп, Қызылорда қаласында өт­кізілетін облыстық кезеңде Жаңақорған ауданының намысын қорғайтын болады. Жалпы №208 орта мектеп ұжымы Бақытжан Ергешбайұлын еске алуға арналған іс-шараның осымен екінші рет өткізілуіне ұйытқы болуда. Бұл ең бірінші жастарға үлкен өнеге, әрі, ұстазға деген құрметтің белгісі. Бұйырса, келер жылы да осы деңгейде өткізуге тырысамыз, – деді АӘТД пәні мұғалімі Нүркен Дауылбаев.
Жеңімпаз командалар мен үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға аудандық білім бөлімі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, №208 орта мектеп ұжымы атынан мадақтамалар және Бақытжан Ергешбайұлының отбасы мүшелерінің атынан арнайы сыйлықтар табысталды.
Соңғы жылдары жастардың әскерге баруы қиындап келеді. Ол рас, өйткені көбісі оқуды сылтау етіп, енді бірі әлімжеттік бар деген желеумен, енді бірінің ата-анасы қарсы болып жататынына куәміз. Бұл әркімнің өз таңдауы, дегенмен, елдің шегендел­ген шекарасын, қоғамның қалтқысыз тыныштығын қоритын жас жігіттер қатарының азаюы үлкен сын. Бүгінгі біздің жеңімпаздардың жігері соңынан ерген өскелең өрендерге өнеге болары анық. Енді олар болашақта белді бекем буған, отаншыл, жауынгер жүректі жігіттер болып тәрбиеленетініне се­німдіміз. Бұған олардың әлеуеті де, дайындығы да жетеді. Қалғаны уақыттың көшінде.
Айта кетейік, былтыр Сыр өңірінің жас сарбаздары Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Әскерге ша­қырылушы – 2021» әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтаған болатын. Облыстық білім басқармасы, аймақтық дене тәр­биесі методикалық орталығының ұйым­дас­тыруымен мектеп оқушылары ара­сындағы спорттық сайыс Қызылорда қаласы №271 мектеп базасында өтті. Тәуелсіздіктің төл мерекесі қарсаңында өткізілген жарыста жаңақорғандық жігіттер жалпы командалық сында күміспен қуантты. Биыл алтын тұғырды бағындырып, республикалық сында да олжасыз оралмайды деген үміт бар.

Әли ТЕМІРБЕК
12 мамыр 2022 ж. 395 0