№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ұстаздар жарыс алаңында кездесті

Ұстаздар жарыс алаңында кездесті




Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес Келінтөбе ауылындағы №192 орта мектепте волейболдан аудандық жарыс өтті. Оған 7 аймақтан ұстаздар қатысып, өз бақтарын сынады.
Спортты жанына серік еткен мұғалімдердің мықты дайындықпен келгені көрініп тұр, бәрі де намысты қолдан бермеуге тырысты.
Жарыс жалпы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жыл сайын ауқымы кеңейіп келеді.
Тартысты бәсеке өз мәресіне жетіп, сайыстың қорытындысымен І – орын №8 спорт мектебі, ІІ – орын №163 орта мектебі, ІІІ – орын №110 мектеп лицейінің ұстаздары иеленіп, қатарластарынан оқ бойы оза жауып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жеңімпаз командаларды шын жүректен құттықтаймыз!
06 маусым 2023 ж. 371 0