№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыңғырла, Соңғы қоңырау

Сыңғырла, Соңғы қоңырау



Иә, бұл күні аудан бойынша барлық мектептерде соңғы қоңырау үнi сыңғырлап, мектеп түлектері жаңа да жауапты өмiрге аяқ басты. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздар енді міне алтын ұя мектебімен қоштасты.
«Жаңа мектеп – жаңа белес, жаңа қадам!» атты мерекелік кеште балғын оқушылар аудан әкімі бастаған топты есік алдынан күтіп алып, төрге оздырды. Қонақтар мектеп тынысымен танысып, оқушылардың өнерін тамашалады. Әр оқушының талабын, мақсатмұратын білдік. Барлық бітіруші сан саланың тізгінін ұстауға ниетті
. – Ұстаздар мен ата-аналарды, барша балаларды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекенің ата-ана үшін де, қоғам үшін де маңызы зор. Бала – байлық, ең қымбат қазына, ұрпақтың жалғасы, еліміздің ертеңі. Қазіргі таңда ауданымызда 18555 мектеп жасындағы оқушы болса, мектепалды даярлық тобында 1266 бүлдіршін, кент орталығындағы 7 жеке мектепте 1246 бала білім алуда. Бүгінде баршамыздың алдымызда тұрған зор міндет – ұрпаққа заманауи білім беріп, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау, бала бойындағы мүмкіндіктерді ашу. Тұғыры биік тәуелсіз мемлекетіміздің келешегінің кемел болуы білімді де саналы ұрпақтың қолында. Ұлт болашағы – бүгінгі бүлдіршіндер аман, ел іргесі бүтін, тыныш заман болсын. Біздің көзіміздің нұры, болашағымыз – сендерсіңдер! Сондықтан да сендердің жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматтары атануларыңа тілектеспін! – деп аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы ыстық лебізін білдірді.
Кеш бимен жалғасып, әнмен әрленді. Түлектер мектеп кілтін ізінен ерген төменгі сынып оқушыларына табыстады. «Мектеп вальсін» соңғы рет билеген түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды. Қоңырау соғу құрметі 11 сынып оқушысы «Үздік атестатқа» үміткер Тохан Саят пен 1 сынып оқушысы Бегімай Тұрғанбековаға және Торехан Әнел мен Абдулла Ерасылға берілді.
Мереке соңында оқу озаты Бердібек Саматұлының анасы Раушан Тілеуқызы ізгі тілегін білдірді.
– Ойы озық, жаны таза, білімге бай, өмірге бейім, интеллектуалды дамыған, рухани бай жастар – мектеп мақтанышы. Олардың жарқын болашағы елдің дамуына үлкен қадам болары ақиқат. Ал, сондай оқушыларды дайындап, тәрбиелеуде ұстаздар арқалаған аманат жүгі өте ауыр. “Білім инемен құдық қазғандай” деп бекер айтылмаған. Міне, сол инемен қазылған құдықтан нәр алған оқушылар үлкен өмірге қадам басты. 2022-2023 оқу жылында мектебімізде 11 сынып бойынша 9 түлек, 9 сынып бойынша 21 оқушы мектеп бітіруде. Мектеп мерейін үстем етіп, ұстаздардың үкілеген үмітін ақтағалы отырған 11 сыныптан 3 оқушы, 9 сыныптан 2 оқушы үздік аттестаттан үміткер. Олар алғашқы түлек болған соң зор сеніммен қарап отырмыз. Мектептің жүрегі – ұстаз. Ұжым тәжірибелі, білімді, ізденімпаз мұғалімдерден құралған.
Алдағы уақытта білімді шәкірт тәрбиелеп, елдің ертеңгі тұтқасын берік ұстайтын жастарды тәрбиелеп шығаруға бар күш-жігер, қажыр қайратымызды саламыз. Қос мереке құтты болсын! – деп мектеп директоры Ләззат Нәлібаева құттықтау лебізін жеткізді.
Биыл тұңғыш рет соңғы қоңырау 1 маусым күні соғылды. Балалар мерекесімен қатар келіп, қос қуанышты қарсы алған бүлдіршіндердің күміс күлкісін, шаттық көңіл-күйін көріп, балалық шаққа бір саяхаттап қайттық. Алдымен барлық білім ошақтарында қоңырау үні сыңғырлап, ұстаздар мен шәкірттердің қоштасу кеші өтті. Осы күні аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов биыл пайдалануға берілген жаңа №286 мектепке арнайы атбасын бұрып, білімгерлердің табысына куә болды
Әлібек Жарықбаев
04 маусым 2023 ж. 271 0