№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақ қызымын десем сенеді

Қазақ қызымын десем сенеді



– Өздеріңіз көріп отырғандай, түр-келбетім қазаққа тартқан. Төменарықта кәріс ұлтының отбасында өмірге келдім. Аты-жөнім кәрісше болғанымен, ұсқын-келбетімнің қазақтан айырмашылық жоқ. Тілім мен түріме қарап, кәріс екеніме иланбайтындар көп. Басымнан талай қызықты күндер өтті. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына құжат тапсырып тұрған сәтімде құжат қабылдаушылар таң қалғаны бар. «Ирина Ким деген кім? Сіз мүлде кәріске ұқсамайсыз» деп әбігерге салған еді. Сол күннен бастап, «Мен кәріс емес, қазақтың қызымын» деп әзілдейтін болдым.
Ұлты орыс Игорь Матвейчукке тұрмысқа шығып, екі балалы болдық. Жолдасым жеке кәсіпкер. Біз отбасымызда қазақ тілінде сөйлесеміз. Бізді білетін адамдар «нағыз қазақтар» деп жатады. Дастарханымнан бауырсақ үзілген емес. Ұлым Максим мен Даниль де қазақ тілінде еркін сөйлеп, «Абай оқуларына» қатысып жүр. Жаңақорған аудандық емхана мейірбикесі болғаныма да он жылға жуықтады. Емделушілеріміз қазақылықты бойыма сіңіргеніме ризашылығын айтқанда төбем көкке жетеді. Қазақ халқына, достарыма, әріптестеріме алғыс айтамын!


Ирина КИМ,
кәріс ұлтының қызы
30 сәуір 2023 ж. 176 0