№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Ұлтқа бөлінбеймін, діндерді құрметтеймін!

Ұлтқа бөлінбеймін, діндерді құрметтеймін!



– Өзбекстан жерінде шахтерлар отбасында дүниеге келдім. Әкем – орыс, анам – татар. Әртүрлі қалаларда өмір сүрдік. Интернацианал отбасында туылғандықтан болар, барлық діннің дәстүрінен хабарымыз болды. Християндардың да, проваславтардың да дәстүрін көріп өстім. Қазіргі кезде Жаңақорғанда тұрамыз, араласатын ортамыз кіл қазақтар болғандықтан ислам дінінің дәстүріне сай айтта бауырсақ пісіріп, қонақ күтеміз. Меніңше, қай діннің өкілі болсаң да, өзгелердің дініне құрмет болу керек.
Қазақтың келіншектері секілді мен де көп балалы анамын. Қызылорда қаласындағы медицина колледжін бітіріп, Жаңақорған ауданаралық аурухананың мейірбикесі атандым. Еңбек өтіліме 37 жыл толады. Осы уақыт аралығында қызмет барысында да, халық арасында да «бөтен ұлттың адамы» деген шеттету көрген емеспін. «Өзі жақсы адамға бір кісілік орын бар» деген қазақтың тәмсілін ұстанымға айналдырдым. Екі қызым қазақ жігітінің жары болып, үбірлі-шүбірлі болып отыр. Біздің отбасымыз барлық ұлттың тілегі тоғысқан қара шаңырағы дер едім.

Любовь ПЕРОВА,
орыс ұлтының өкілі
---
30 сәуір 2023 ж. 91 0