№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЛМАЗ ТАСЫ МА, ӘЛДЕ ГҮЛ МЕ – АРХИТЕКТОР АСТАНАДАҒЫ ЖАҢА МЕШІТ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

АЛМАЗ ТАСЫ МА, ӘЛДЕ ГҮЛ МЕ – АРХИТЕКТОР АСТАНАДАҒЫ ЖАҢА МЕШІТ ТУРАЛЫ АЙТТЫ


Астанада сырт пішіні гүлге немесе алмазға ұқсайтын жаңа мешіт пайда болды. Бас архитектор Сағындық Жамболатов құрылыстың ерекшеліктері туралы айтты, деп хабарлайды Today.kz

Мешіт оң жағалауда С-409 көшесінің бойында орналасқан. Құрылыс жұмыстары 2016 жылы басталған. Мешіт ғимараты дәстүрлі өрнектер мен декоративті элементтер қолданыла отырып, постмодернизм стилінде салынған. Негізгі ғимарат күрделі әрі жартылай сфералық нысанды елестетеді. Оның қабырғалары үшбұрыштана сүйірленіп, диаметрі 26 метрлік күмбезбен жалғасқан. Мешіттің сыртқы дизайны гүлді әрі алмастың қырларын еске салады.
Ырыскелді қажы мешіті 750 адамға лайықталған. Бас имамы – Яхия қажы Исмайылов. 
2 мамырда ерекше ғимаратқа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бас сұқты. Қазақстан Президентіне мешіттің салыну барысы, сондай-ақ осы ғимаратты электр қуатымен және жылумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын баламалы энергия көздері жөнінде мәлімделді.
Мешітке келген журналистерге бас архитектор жоба туралы толық айтып өтті. Ол сондай-ақ әлеуметтік желіде жазылып жатқан мешіттің сыртқы пішініне қатысты сын-пікірлерге жауап берді. 
"Қалалық кеңесте жобаны алты рет қорғадық. Олар ғимараттың не үшін стандартқа сай емес екенін сұрады. Сосын Интернетте жатпланеталықтары бар ғарыш кемесі сияқты деген пікірлер жазылды. Бәрі жазылды. Бірақ біз соңына дейін жеттік. Біз, авторлар, ештеңеге ұқсамайтын мешіт салғымыз келді. Рухани басқармамен кеңестік, жарық, қыры бар ақ мешіт пайда болды", – деп түсіндірді ол. 
Маман мешітке келушілерден ғимараттың айналасына назар салуды сұрайды, сыртта галерея бар, жайсыз ауа райында адамдар жауыннан қорғанып тұра алады. 
"Жертөледе ғұсыл алатын жер, бәрі бар. Екінші қабат – әйелдердікі. Біз мешітті заманауи қазақ стилінде тұрғыздық. Қарасаңыздар қазақ өрнектері жоқ сияқты, бірақ бұл қазақи. Біз жаңа қазақ авангардтық архитектурасын құрастырып жатырмыз", – деді ол. 
Мешітке жылы еден төселген. 
Жамболатовтың сөзінше, ғимаратты қуат көзімен қамтамасыз ету үшін электр сатып алынбайды, қуатты күн батареясы өндіреді. Технология "эко" категориясына жатады. EXPO-2017 халықаралық көрмесі өткен кезде технологиясы жасалған. 
15 мамыр 2018 ж. 1 541 0