№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Елбасы Елорда төріндегі жаңа мешіт құрылысымен танысты.

Елбасы Елорда төріндегі жаңа мешіт құрылысымен танысты.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Астана қаласындағы салынып бітуге таяу қалған құлшылық ордасының жай-күйімен танысты. Мемлекет басшысына мешіт құрылысы жайында толық ақпарат ұсынылып, жаңа технологиялар негізінде тұрғызылған ғимараттың артықшылықтары айтылды.
Есіл өзенінің бойында орналасқан жаңа мешіт ғимараты постмодернизм стилінде тұрғызылған еліміздегі алғашқы құлшылық ордаларының бірі болып табылады. Сыртқы сәулеті гүлдің пішініне, сондай-ақ сан қырлы жауһар тастың бейнесіне ұқсатып салынған.
Соңғы технологиялық жетістіктер негізінде тұрғызылған жаңа мешіттің тағы бір артықшылығы – ғимаратқа қажетті электр энергиясын күн көзінен алатындығы. Арнайы қойылған күн батареялары арқасында әзірге мешіт ғимаратына қажетті электр энергиясынан үш есе артық өндіруге мүмкіндік бар.
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында жамағатқа есігін айқара ашатын жаңа мешіттің сыйымдылығы 750 жанға арналған. Құлшылық ордасының жалпы аумағы 1,44 гектарды метрді құрайды, ал мешіт ғимаратының көлемі 2248 шаршы метр.
Дереккөз: муслим.кз
02 мамыр 2018 ж. 2 718 0