№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АҚТАС МЕШІТІНІҢ ТАРИХЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

АҚТАС МЕШІТІНІҢ ТАРИХЫН БІЛЕСІЗ БЕ?


АҚТАС МЕШІТІ, 
1884 жылы салынған.
Бесарық стансасынан оңтүстікке қарай 6 шақырымда орналасқан. Мешітті Айқожа ишанның баласы Атақожа салдырыпты. Ақтас мешіті сәулет өнеріне жатады. Төртбұрышты, күмбезді. Мешіттің биіктігі 20 м. шамасында. Мешіт 1982 жылы есепке алынып, 1984 жылы қайта жөндеуден өткізілген. Қабырғалары, карниздерінің кірпіштері өрнектеліп өрілген. Ақтас мешіті өте құнды ескерткіштердің бірі болып саналады.
Бұл мешіт адам аяғы баспайтын ландшафты жерде мал бағатын ферманың жанында орналасқан. Күйдірілген кірпіштен қаланған. Мешіттің жоспары квадратқа жақын. Мешіттің негізгі фасады шығысқа қарай бағытталған. Құрылыстың өлшемі 20 х 20 м. Биіктігі-20 м. Жағдайы жақсы, зиярат етушілерге жағдай жасалынған. Жанында қасиетті ыстық суы, бұлағы бар. Мешіт Талап а/о әкімдігінің теңгерімінде. "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы аясында " Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары" тізіміне енгізілді.
12 наурыз 2018 ж. 2 842 0