Тұмау асқынып кетпесін
Жедел респираторлы вирустық инфекция, яғни, тұмау ауруы жыл өткен сайын жасарып, жылдың төрт мезгілінде де жиі кездесіп жатады. Жас та талғамайды, әсіресе, әлсіз адамдар көп қабылдап, дертке душар болып жатады. Сондықтан осы кеселмен күресті күшейтуді әрбір жан күнделікті өмірде қолдануды қағидаға айналдырғаны абзал. Маза кетіп, дене қызуы көтерілгенде алғашқы көмекке көп жүгінетініміз рас. Осындайда жедел-жәрдем қызметкерлерінің қызметін жиі пайдаланып, дертке дауа іздеп кетеміз. Жас болса да тәжірибелі маман Нұрлан Байсаловтың еңбегін ерекше атауға болады.
Білікті маманның еңбек жолына тоқталайық. 2008 жылы Түркістан көпсалалы медицина колледжіне түсіп,
2011 жылы “Емдеу ісі” мамандығын бітіріп шығады. Еңбек жолын 2012 аудандық орталық ауруханадан
бастайды. Алькоголь өнімін анықтаушы нарколог-фельдшер болып қызметке қабылданып, 6 жыл абыройлы еңбек етеді. 2018 жылдан бастап аудандық емхана жанынан ашылған жедел медициналық көмек көрсету бөлімінің фельдшері болып
ауыстырылады.
– Жалпы еңбек өтілім 11 жылға жуықтады. Осы жылдар ішінде аудандық медицина саласына өзіндік
қосқан үлесіммен мақтана аламын. Қазір жедел-жәрдем бөліміндемін, әрине алғашқы көмек көрсетілетін болғандықтан көптеген жағдайлар кездесіп жатады. Ең бастысы, өмірлік таңдаған мамандығыма жән-тәніммен
қызмет ету жолында келемін, – дейді білікті дәрігер. Маусымдық аурулардың өршуіне байланысты оның сұхбаты тұрғындарды тұмаудан сақтандыру тақырыбына ойысты.
– Жалпы тұмауды аурудың жеңіл түрі деп қабылдап, аса мән бермейтініміз рас. Қазір де солай, бірақ, бұл дұрыс емес. Қазақта “сақтансаң сақтайды”, деген тәмсіл бар емес пе, сондықтан мүмкіндігінше сақ болып жүрген жөн. Осы орайда, аурудың негізгі белгілерін түсіндіре кетейік. Тұмаудың белгілеріне тамақ ауруы, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, сонымен қатар, бұлшық еттің ауруы жатады. Осыдан барып адам еңбекке уақытша жарамсыз болып қалады. А,В,С грипп вирусымен түр-түріне бөлінеді. Тұмау ауруы 5-10 күнге дейін
созылып қайта өрбіп асқынып кетуі мүмкін. Асқынған ауру бактериалды инфекциялармен қозып (отит, гайморит) ауруларына айналады. – Аурудың алғашқы белгілері пайда болса, үйде қалып, төсек режимін сақтағаныз абзал. Бөлмені күніне 2 рет таза ауамен желдетіп тұру тиіс. Мұрыннан су аққанда, жөтелгенде, медициналық демперде киген жөн, сусын, шай, шырын түрінде сұйықты көп ішіңіз. жекебас тазалығын сақтаңыз. Сондай-ақ, “С” дәрумені бар тағамдарды көбірек қолданыңыз. Егер үй жағдайында асқынса жедел-
жәрдемді міндеттіт үрде сақтаған жөн, – дейді ол.
Фельдшердің алғашқы көмегіне жүгінгендер алғаңсыз алғыс айтып жатады. Солардың қатарында кент тұрғыны Ұлтай Мырзаметова да бар.
– Нұрланның қызметіне көңіліміз толады. Рас, кейде сырқаттанып, мазамыз қашады. Осындай сәтте
жедел жәрдем көмегіне мәжбүрлік болады. Жас болса да білімді баламызды жиі мазалап, ем-домын аламыз. Сондықтан, адал еңбегіне
алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Жаңақорғанда Нұрлан секілді тәжірибесі толысқан жастар жетеді, солардың келешегінен көп үміт күтеміз.
Адам саулығы жолындағы еңбектері еселеніп қайтсын, – деп анамыз жылы ілтипатын білдірді. Иә, халық денсаулығына жанашыр Нұрлан Байсалов секілді ақ халатты абзал жандардың еңбегі еселене берсін.
Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ