ЖАҢАҚОРҒАНДА 10000 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ
Сенбілік барысында жаппай көшет егу жұмыстары басталып, бүгінде 4000 мыңға жуық түп көшет отырғызылса, алдағы уақытта 10000 түп көшет отырғызылатын болады.
Сенбілік – қоршаған ортаны қоқыс қалдықтарынан тазартып, ағаш көшеттерін отырғызып халықты ауызбіршілікке шақыратын игілікті іс екендігі айқын.
Осыған байланысты, Жаңақорған кенті мен елдімекендерді көгалдандыру, тазалықты сақтау жұмыстары – аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлының басты назарында.
Бүгінгі игі жұмысқа аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы, бірқатар зиялы қауым өкілдері, сонымен бірге ауданымыздағы барлық мекеме қызметшілері мен тұрғындар қатысты.