№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауыл көркейсе, ел өркендейді

Ауыл көркейсе, ел өркендейді



Мемлекет басшысы VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде ауылдағы ағайынның тұрмыс-тіршілігіне тікелей айтылған тапсырмасы көңілге өте қонымды болды. Аграрлы салаға тың серпін беретін мәселені қатаң бақылауға алды. Елге де керегі осы еді.
«Ауыл – ел бесігі», «Ауыл аманаты» жобалары ауылды дамытуға арналған жаңа тұжырымдамаға арқау болуға тиіс. Топырақтың құнарын сақтап, оны жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту маңызды. Өнім көлемін арттыруға және оны әртараптандыруға баса мән берген жөн. Ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларға сапалы заңдар қажет. Бұл жұмысқа Мәжілістен орын алған «Ауыл» партиясы өз үлесін қосады деп сенемін», деді ел Президенті. Жаңақорған Сыр өңіріндегі ауылшаруашылығы саласы мен кәсіпкерлігі дамыған аудан. Аудандағы ауылдардың негізгі тіршілігі ауылшаруашылығымен тығыз байланысты. Жыл сайын егін көлемін көбейтіп, ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде. Мақсат біреу, ол – отандық өнімді көбейтіп, экспортты арттыру. Ендеше, ауылдың ажарын арттырып, келбетін көркейтсе, онда елдің де ертеңі өркенді боларына сенімдіміз.

                                                                                                                             Ерғали ОРАЗБЕКОВ,
                                                                                                                             ауылшарашылығы саласының ардагері
01 сәуір 2023 ж. 287 0