№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Медиация тараптарды татуластырды

Медиация тараптарды татуластырды



Жаңақорған ауданында «Медиация туралы» Заңның қолдану аясының кеңейгенін көруге болады.
Медиаторлар жұмысының қажеттілігі мен белсенділігі күннен-күнге артып келеді. Әсіресе араздасқандарды татуластырудың тиімді тәсілдерін жетілдіру арқылы сотқа дейінгі және соттағы бітімгершілік процесін жүзеге асыруда медиация қызметі керек.
От­ба­сыларда жиі орын алатын ерлі-зайып­тылар арасындағы араздықты, отбасының басқа да мүшелері арасындағы дау-дамайды оңтайлы шешуде медиация қызметінің ықпалы зор.
Бүгінде халықаралық тәжірибеде медиация бітімгер­шілікке бастайтын ең тиімді тәсіл ретінде танылып отыр.
Сөзіміздің дәлел ретінде, аудандық сотттың өндірісіндегі Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен азамат М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат М. алкогольді масаң күйде  Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында тұрғын жайда әкесі Е.-ге сыйламаушылық танытып, былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекет жасаған.
Сотта азамат М. өз кінәсін мойындап, әкесі Е.-мен қазіргі кезде жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқанын көрсетті.
Аудандық соттың қаулысымен құқық бұзушы М.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс  жәбірленушімен  медиация тәртібімен татуласуына  байланысты тоқтатылып, ол жауаптылықтан босатылды.

                                                                                                       Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
30 наурыз 2023 ж. 180 0