№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ең аяулы мереке

Ең аяулы мереке



Аналар мерекесіне орай Жаңақорған кентіндегі Арнайы балабақшада «Аяулы ана» атты ертеңгілік өтті. Әрине, бала қуанса ананың да көңілі жай. Көктемнің алғашқы мерекесі аруларға, аналарға ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады. Мерекелік кешке келген әрбір адамның жүрегіндегі анаға деген махаббаты мен құрметін арттырып, бір сәтке болса да аналарын қуанту үшін әлемнің асылын сыйлауға асықтырғаны анық.

Кеш шымылдығын ашқан балабақша меңгерушісі Жамал Нәлібаева баршаны мерекемен құттықтап, балаларға сәттілік тіледі. – Балалар, келе жатқан 8 наурыз мерекесі құтты болсын! Құрметті аналар, қыз-келіншектер сіздер табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім,іскерлік пен парасат дарытқан абзал жансыздар. Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, жақсылықтың бастауы. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, ер-азаматтарға сенімді тірек болып жүргендеріңіз үшін әйеланаларымызға алғысымыз шексіз. Осы өсіріп отырған балапандардың жүзінен күлкі, қуаныш көру біз үшін үлкен мәртебе. Сендер осындай ерекше елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар, – деді Жамал Әлібекқызы. Мерекелік шарада балалар аналарына арналған өлеңдерін жатқа айтып, ана тақырыбында қойылым қойды. «Апатайым анашым» деп ән шырқап, «Көбелек», «Қуыршақ» биін биледі. Балалар ертегі әлемін аралап, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын аналарына тарту етіп, қуанышқа бөленді. Ана көңілінің дархандығына, ана жүрегінің ізгілігіне тең келер құдіреттің табылмайтыны хақ. Ана алақанының жылылығынан асқан жылулық жоқ. Бойға қуат, көңілге шуақ дарытатын күш те ана жүзіндегі, бір ауыз сөзіндегі мейірбандықта жатыр. Бір сөзбен айтқанда, мынау жарық дүниедегі ең күшті құдірет – ана мейірімі. Сондықтан оларға деген ілгері ізет, көшелі құрмет арта береді. Көктеммен бірге келген мейрамға орай ұйымдастырылған ертеңгілікте балалар ерекше өнерімен сүйсінтті.

Гүлжан Момынова,
Арнайы балабақша тәрбиешісі
11 наурыз 2023 ж. 251 0