№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КІТАП КӨРМЕСІ: КЕШТІҢ КӨРКІН КІРГІЗДІ

КІТАП КӨРМЕСІ: КЕШТІҢ КӨРКІН КІРГІЗДІ

Аудандық М.Көкенов атындағы мәдениет үйінің фоейесінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шырағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінің мақсаты – қоғамдағы әйел затының ролін көрсету, қадырын түсіндіру. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатады. Көрме тақырыбын да анаға арнағанымыз сондықтан.
Кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрады. «Ана-ғұмыр» атты бөлімінде тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, бойына ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал жандар жайлы кітаптар қойылды. «Әйел – ана, әйел – басшы, әйел – кәсіпкер» атты бөлім ардақты аналар мен асыл әйел жандарға арналған, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүрген өзіміздің ауданымыздан шыққан Сара Құсайынова, Әзия Қыстаубаева, Аягөз Айдосова, Күлән Әбілтанова, Айзада Сақтағанова жайлы деректері қойылды. «Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды» атты үшінші бөлімінде жерлес ақын-жазушыларымыздың қызықты шығармалары ұсынылды. Ақын апаларымыз Х.Баязитова, Т.Асанова, Ж.Бегманованың шығармалары көрме төрінен орын алды. «Ана – шырақ, ұрпағымен жағылған» атты бөлімде ауданымызда әрбір шаңырақтың отын маздатып, тәуелсіз еліміздің келешегі жас ұрпақты тәрбиелеуге жан жылуы мен жүрек мейірімін сарқа сыйлап жүрген аяулы аналарымыз жайлы деректер қойылды.
07 наурыз 2019 ж. 3 317 0