№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қылмыс жасаған адам жазасыз қалмайды

Қылмыс жасаған адам жазасыз қалмайды



Жаңақорған аудандық сотында соталушы И. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-1бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай сотталушы И. 2021 жылдың 18 мамыр күні  өзінің басқаруындағы автокөлігін жол жүрісі қағидаларының талабын бұзып, Жаңақорған ауданы Қожакент ауылы А.Иманов  көшесі бойында алкогольді масаю күйінде   басқарып, жол жиегімен жаяу жүріп бара жатқан жәбірленуші Б-ны қағып, жол көлік оқиғасын жасап, оқиға салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауырдәрежелі зиян келтірген.
Сотта сотталушы И., өзіне тағылған айыпты толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін, бұл қылмысты абайсызда жасағанын, жәбірленушіге материалдық шығынның және моральдық зиянның орнын толтыратынын, көрсетіп, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Оның қылмыстық әрекеті іс құжаттарымен жәбірленуші, куәлердің жауаптарымен толық дәлелін тапты.
Аудандық соттың үкімімен сотталушы И. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-1 бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік құралдарын басқару құқығынан 10 жыл мерзімге  айыра отырып, 1 жыл   мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің  қауіпсіздігі барынша төмен   мекемелерінде өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
27 ақпан 2023 ж. 249 0