№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ата-ана ретінде кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін айыппұл салынды

Ата-ана ретінде кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін айыппұл салынды



Жаңақорған аудандық cотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 1бөлігімен азамат Қ-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.


Сотта анықталғандай, өзі жөнінде іс қаралып жатқан тұлға Қ. тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған туған қызын және емізулі қызын тастап Ақтау қаласына кетіп қалғанын, ол бала тәрбиесіне міндетті ата-ана бола тұра ата-ана ретінде кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған.

Сот барысында өзі жөнінде іс қаралып жатқан тұлға Қ. кінәсін мойындап, отбасында орын алған жан-жалға байланысты балаларын тастап, кетіп қалғанын көрсетті.

Сонымен қатар, оның әрекеті өзі жөнінде іс жүргізіліп жатқан тұлғаның түсінігінен басқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, іске тіркелген түсініктемелерімен дәлелденіп бекітілді.

Сот қаулысымен өзі жөнінде іс қаралып жатқан тұлға Қ. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 24150 теңге айыппұл салынды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
27 ақпан 2023 ж. 229 0