№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көлік құралын алкогольді масаң күйде басқарған

Көлік құралын алкогольді масаң күйде басқарған

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс онлайн режимінде қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат С. 2021 жылдың 06 мамыры күні Жаңақорған ауданы Төменарық ауылының орталық көшесінің бойында көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, Жол жүрісі қағидаларының 2.4.2 тармағының талаптарын сақтамай, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.
Іс құжаттарына тіркелген алкогольді масаю күйін анықтау туралы медициналық қорытындысына сәйкес, өзі жөнінде іс қаралып жатқан тұлға С. «жеңіл» дәрежелі мас күйінде болғаны анықталған. Одан басқа оның әрекеті өзінің берген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, полиция қызметкерлерінің баянаттарымен және басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп бекітілген.
Аудандық соттың қаулысымен өзі жөнінде іс қаралып жатқан тұлға С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылды.
Естеріңізге сала кетсек, 2020жылға дейінгі қолданыста болған Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес жүргізушінің көлік құралын алкогольді масаң күйде басқаруы үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соқса, 2020жылдың қаңтар айынан бастап аталған әрекет үшін 15 тәулік әкімшілік қамаққа ала отырып, 7 жыл мерзімге көлік құралын құқығынан айыру жазасы белгіленді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
14 мамыр 2021 ж. 462 0