№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жол жүрісі қағидасын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Жол жүрісі қағидасын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігіне сәйкес, көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Жаңақорған аудандық сотымен азамат Д-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 612 бабының 3 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес азамат Д. көлiк құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, 2021 жылғы 9 ақпаны 18 сағат 00 минут шамасында Жол жүрісі қағидасының 2-бөлімінің 1-тармағының 1) тармақшасының талаптарын сақтамай, автокөлігін Әбдіғаппар ауылы мен Хорасан-ата тас жолының бойында басқарған.
Сот отырысында өзі жөнінде іс қаралып жатқан тұлға Д. кінәсін толық мойындап, хаттамамен толық келісетінін, көлiк құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра автокөлікті басқарғанын көрсетті.
Оның бұл әрекеті іс құжаттарымен де өз дәлелін тапқан.
Аудандық сот қаулысымен Д. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 612 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 102095 теңге айыппұл салынды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық баспасөз қызметі.
12 ақпан 2021 ж. 718 0