№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қызылордада заңсыз сақталған арақ өнімдері тәркіленді

Қызылордада заңсыз сақталған арақ өнімдері тәркіленді



Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті көрiнеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу мақсатында иемдену, пайдалану немесе өткізу дерегін анықтады.
Қармақшы ауданында тұратын 2 азамат екі мекен жайда сыйымдылығы 0,5 литрлік 2647 дана, 0,2 литрлік 889 дана және 1 литрлік 840 дана арақ өнімдерін сақтаған. Аталған азаматтар жалған есепке алу-бақылау маркалары жапсырылған алкоголь өнімдерін тергеумен анықталмаған тұлғалардан төмен бағада сатып алып, пайда табу мақсатында үстіне ақша қосып сату барысында ұсталды.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің  233-бабының 2-бөлігінде қаралған қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Оқиға орнынан қарап тексеру барысында жалпы саны 4376 дана арақ өнімі алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
28 ақпан 2023 ж. 407 0