Конституция

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қызылордадағы атыс – 6 күдікті ұсталып, 4-уіне іздеу жарияланды

Қызылордадағы атыс – 6 күдікті ұсталып, 4-уіне іздеу жарияланды

Қызылордада болған атысқа қатысты 6 күдікті ұсталып, 8 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
7 мамырда Қызылорда қаласында бір топ адам арасында атыс болып, салдарынан 3 азамат көз жұмған болатын. Осыған байланысты жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.«Нәтижесінде 6 күдікті ұсталып, тағы 4-уіне іздеу жарияланды. Оқиға болған жерді тексеру барысында және күдіктілердің тұрғылықты мекенжайынан бес қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрі, есірткі тәркіленді. Оған қоса 7 автокөлік айғақ зат ретінде алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық қатысушының жеке басы анықталды. Жәбірленуші тараптың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Бұл бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда, адам өлтіру бойынша – 2, бұзақылық бойынша – 2, қарудың заңсыз айналымы бойынша – 3 іс және есірткінің заңсыз айналымы бойынша бір іс тіркелді», – деді Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.
Ведомство мәліметінше, қылмыстық істің мән-жайы жан-жақты тексерілуде. Тергеп-тексеру толық және объективті түрде жүргізіліп жатыр.
11 мамыр 2022 ж. 576 0