№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Жаңақорған ауданында 185 түп марихуана өсірген 2 тұрғын ұсталды

Жаңақорған ауданында 185 түп марихуана өсірген 2 тұрғын ұсталды

Жаңақорған ауданы Төменарық елді мекенінен 5 шақырымдай жердегі тоғайда заңмен тыйым салынған есірткі затына ұқсас өсімдікті өсірген Қызылорда облысының 25-35 жастағы 2 тұрғыны ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Оқиға орнын қарап-тексеру барысында 185 түп заңмен тыйым салынған сора өсімдігіне ұқсас шөп анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi адамдар тобымен заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтар уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды», - делінген хабарламада.
19 қыркүйек 2019 ж. 1 526 0