Соңғы жаңалықтар

Әке отбасы тірегі

12 маусым 2025 ж. 945

ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚАБЫЛДАУ

12 маусым 2025 ж. 64

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қызылордада антисептиктерді заңсыз сатқандар анықталды

Қызылордада антисептиктерді заңсыз сатқандар анықталды

Қызылордада антисептикалық құралдарды заңсыз және көтеріңкі бағамен сату дерегі кездесті. Бұл деректі Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департаментке салық органдарында кәсіпкер ретінде тіркелмеген тұлғаның заңсыз антисептикалық құрал сатып жатқаны туралы ақпарат түсті. Ведомство мамандары аталған деректі нақтылау мақсатында антисептикалық құралдар сатып алуға барған кейіп танытты. Олар 4 литрлік бутыльдың әрқайсысын 24000 мың теңгеден сатып алған.
Толық қарау барысында барлығы 113 бутыль ыдысына құйылған антисептик айналымнан алынды.
«Аталған дерек ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Қазіргі кезде алынған антисептикалық құралдарды облыстық денсаулық сақтау басқармасына беру туралы келісім жасалуда. Ал материал, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 463 бабы негізінде Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді», – деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің маманы Бақыт Орданова.
05 сәуір 2020 ж. 627 0