№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған Қызылорда қаласының тұрғындары ұсталды

Аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған Қызылорда қаласының тұрғындары ұсталды


30 маусым күні Қызылорда облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Фольсваген» автокөлігін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. Оқиға «Шымкент-Самара» тасжолы, яғни Арал ауданы Шижа ауылы  тұсында орын алды. Жүргізуші 49 жаста, онымен бірге бір жолаушы да болған.


 Тексеру барысында автокөліктен бір қапқа салынған шөп ұнтақтары тәркіленді. Сараптама қортындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 4 келіден аса «кептірілген марихуана» екені белгілі болды.
Екі күдікті қазіргі таңда Арал АПб-ның уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
 «Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi,психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», – делінген полиция департментінің хабарламасында.
04 шілде 2022 ж. 282 0