№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN» – кәсіп беделін бекемдейтін жоба

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN» – кәсіп беделін бекемдейтін жоба



«Worldskills Kazakhstan» – жас кадрларды кәсіби деңгейде даярлап шығуға бағытталған жоба. «Worldskills Kazakhstan» – жұмысшы кәсібі мен шеберлік дағдысының беделін арттыруды көздейтін халықаралық қаржылық емес қозғалыс. Мақсаты жұмысшы мамандығының беделін көтеру, техникалық кәсіптер, оның ішінде жұмысшы кәсібіне деген жастардың қызығушылығын арттыру. Бұл жоба жастарға берілген мол мүмкіндік. Байқауға колледжден 8 құзыреттілік бойынша 32 студент қатысуда. Олардың қатарында сән технологиясы, аспаз ісі, жеңіл автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, дәнекерлеу технологиясы, веб-дизайн және әзірлеу, электр монтаждау, кірпіш қалау, СББ станоктарындағы токарьлық жұмыстар сынды бөлімдерде білім алып жатқан талапкерлер қатысты. Оның жеңімпаздарын анықтау бір күнмен түйінделмейді. Әр сабақта жаңа технологияға ден қойып, кәсіп бағдарын айқындаған тәлімгерлеріміздің талабын зерделеп, кіл жүйріктерді тануға болады. Оқу орнының соңғы үлгідегі технологиялармен толық жабдықталуы ұстаздар еңбегіне де серпін сыйлап отыр. Әсіресе соңғы кезде өндіріс ошақтары көптеп ашылып, өнеркәсіпті өңірге айналған Жаңақорған ауданын жергілікті мамандармен қамтуға мол мүмкіндік бар.

                                                                                                            Нұрсәуле Абдраимова, арнайы пән оқытушысы
25 ақпан 2023 ж. 136 0