№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Байқауда озып бәйге алды

Байқауда озып бәйге алды

«WorldSkills Kаzakstan» VII республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысып, бақ сынаған Жаңақорған аграрлытехникалық колледж студенті Мәтен Нұрдәулет І орын Алтын жүлдеге ие болып, жүзден жүйрік шықты.


   Қазақстанның 20 облысынан ең мықты, ең білікті студенттер жиналған Республикалық додада құрылыс мамандығының «Кірпіш қалау» құзіреттілігі бойынша тың тәжірибесін берілген уақытта кемшіліксіз орындап, өз жобасын үздік қорғаған кәсіптік колледж шәкірті өзінің жеңісі туралы былай дейді:
– Елімізде техникалық және кәсіптік білім саласында «WorldSkills» қозғалысын дамыту мәселесі қолға алынып, сәулеті жарасқан еңселі ғимараттардың бой көтеруі – еліміздегі құрылысшылардың ерен еңбегі деп білемін. Әсіресе, осы байқауға үш айдан бері мені дайындап, күн-түн демей қабатына ерте жүріп, бар білгенін маған үйреткен ұстазым өндірістің оқыту шебері Сәуле Бегімбетова мен колледж басшылығына алғысым шексіз. Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау өте маңызды. Мен осы «кірпіш қалау» маманын меңгеріп жатқаныма өте қуаныштымын. Өйткені, бұл сала әлемдік деңгейдегі сұранысқа ие, – дейді жеңімпаз жас.

– «WorldSkills» – бұл жас кадрларды кәсіби деңгейде даярлап шығуға бағытталған бірден-бір республикалық жоба, жастарға берілген мол мүмкіндік. Мамандыққа деген махаббатты ашатын, ынта мен ықыласты күшейтіп, кәсіби түрде бәсекеге қабілетті болуға бастайтын даңғыл жол деп білемін. Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру біздің яғни ұстаздың парызы. Ол үшін дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі, жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы, ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы, студентпен жиі қарым-қатынаста болуы аса маңызды. Міржақып Дулатов қазақ арасында көбіне көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге, өнерге зерек, дарынды балаларды оқытып тәрбиелеудің мәні жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарына үңіледі.

Ол «Туысында қанша зеректік болса да – ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзінің табиғатында не нәрсеге шеберлік барын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанда көріп тұрғандай боласың» деп әдемі суреттеген гой. Расымен де, әрбір ұстаз алдына келген шәкіртінің бойындағы дарында байқайды және оны дамытуға тырысады. Менде Нұрдәулеттің бойынан мамандығына деген ерекше ынтаны байқап, біраз жұмыс жасадық. Атаулы байқау болады дегеннен, тыным таппай, жан-жақты ізденіп, ұдайы дайындық үстінде болдық. Міне, осы еңбектің арқасында бірінші орынға ие болып, 2023 жылы Франция еліне жолдама алып келдік, – дейді ұстаз Сәуле Бегімбетова.

Қазақ ойшылдары айтқандай, «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні ғаріп». Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Бүгінгі жас түлек мамандық таңдарда қателеспеуі қажет. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Мамандық – әрбір адамның болашағы. Ал, «Worldskills» – әлемде жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге, білікті мамандарды даярлауға бағыттайтын бірегей жоба екенін жыл сайын дәлелдеп келеді.

Осы тұста, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі – білікті жұмысшы мамандарды даярлаудың түп қазығы екендігі айқын. Осы бағыттағы аудандық аграрлы – техникалық колледждің жұмысы ерен. Әсіресе, құрылысшы мамандығы үлкен сұранысқа ие. Бұл аудан экономикасын көтеруге едәуір дем берері хақ. Көк аспанмен таласқан зәулім сарайлардың кірпішін қалап, жол салып, көпірмен жалғап, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға үлес қосып жүрген құрылыс саласының мамандарын нағыз еңбек адамы деп атауға болады. Біздің елімізде бұл мамандыққа сұраныс өте көп. Біздің ауданымыздағы кәсіптік колледже «құрылысшы шебері» мамандарын даярлап, елдің өркендеуіне өз үлестерін қосуда.

Бұл бағытта колледж базасына жаңа технологиялар алынып, жаңа жүйе аясында жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде. Студенттердің құрылыс саласына қызығушылығын арттырып, білікітілігін шыңдау мақсатында облыстық, республикалық түрлі ісшаралардан әкірттеріміз жүлделі орындарды иемденіп, аудан атын асқақтатуда. Яғни, кәсіби колледж – кәсіптік білімді ғана емес, заманауи мамандықтарды меңгерту жолына да еніп келеді. Бұл біздің ауданымыз үшін үлкен мақтаныз әрі зор мәртебе.

Әсел Рзаева

20 ақпан 2023 ж. 337 0