Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлеуметтік мәселелер Әкім назарында

Әлеуметтік мәселелер Әкім назарында



Тау беткейдегі ауылдардың тынысы
Елмен емін еркін жүздесу Жайылма ауылынан басталды. Биыл Жайылмада жаңалық көп. Ауылдағы жұрт асыға күткен клуб үйі пайдалануға беріледі. Аудан басшысы жақын күндері құрылысын толық зерделеп болғаннан кейін тарту етеміз деп уағдаласты. Екіншіден, жарықтандыру жүйесі қайта жаңғыртылатын болды. Үшінші, ауылдың негізгі тіршілік көзі егін шаруашылығы болғандықтан аяқ суда кідіріс болмауы тиіс. Былтыр кейбір алқаптарға су жетпей, әбігерге түскенін жеткізді. Бұл мәселе де биыл оңтайлы шешіледі. Бұл жөнінде Мұрат Жолкелдіұлы: “Қазсушар” мекемесімен келісімге келіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Биыл диқан қауым судан тарықпайтын болады. Сондайақ республикалық бюджеттен ауыз су құбыры желісін қайта жаңғыртуға 408,8 млн теңге бөлінді. Бұл да ауыл әлеуеті үшін үлкен демеу, – деді. Ең бастысы, ауылға газ тартылады. Оның құрылыс жұмыстары жақында басталып, жыл соңына дейін жайылмалықтар көгілдір отынның игілігін көретін болады. Тұрғындардың тағы бір тілегі – жайылымдық жердің жыры. Мұны аудан басшысы назарға алғанын, алдағы уақытта жұмыс жасалатынын жеткізді. Биыл аудан бойынша жалпы 7 ауылға газ келеді. Ал, келер жылдан бастап Төменарық аймағындағы 4 елді мекен мен Сыр беткейдегі бірнеше ауылға газ тарту жұмысы басталады. Соның ішінде Сунақата ауылы бар. – Біз биылғы жылы Төменарыққа толық газ тартып, іске қосуымыз керек. Бұйырса, келер жылдың соңына дейін жоспардағы 10 ауылға жұмыс жасайтын боламыз. Құдай қаласа, 2025- 2026 жылдары аудандағы барлық округ газға қосылады. Әрине, оған уақыт керек, ол үлкен қаржыны талап етеді. Дегенмен, газ мәселесін соңына дейін жеткізуге жұмыс жасаймыз. Бұл күн тәтібіндегі өзекті мәселе. Сол секілді, жарық жүйесі де толық шешілетін болады, – деді аудан басшысы. Сунақатада да биыл жарық толықтай жаңарады. Бұл да ауыл халқының негізгі талаптілегі еді. Жарық жүйесі Қосүйеңкі ауылында да жаңғырады. Жұртшылықтың сұрауы бойынша электрик маманы табылып тұр, енді штат есебінде қызметке алынады. Ауылдағы ағайын клуб мәселесін көтерді. Мұның да шешімі дайын. Биыл бұйырса бұл жұмыстар басталып, құрылыс жұмысы жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі. Ауыл көшелерін жөндеуге 75 млн теңгедей қаржы бөлінген. Елді мекенге кіре беріс көпір салынды. Енді тұрғындар газдың келуін асыға күтуде. Бұл жөнінде аудан әкімі нақтылап түсіндірді. Бесарықтағы АГРС салынуға жұмыс жасалынуда, егер қазынадан қаржы бөлінсе, қыр мен сырдағы қалған ауылдарға жоба-сметалық құжаты жасалына бастайды. Оның да ауылы алыс емес.
Ал, бірер күннен соң Қыраш ауылына газ беріледі. Ауыл халқы асыға күтіп отырған көгілдір отынның алауы тұтанатын болады. Кездесуде көпшілік ауылға кіре беріс арканы жаңаласақ дейді. Бұл мәселені әкім биыл шешіп беруге уәде берді. Ойын алаңқайының құжаты дайын, жақын күндері іргетасы қаланатын болады. Клуб үйі салынуын да қыраштықтар сұрады. Клубтың жағдайы сәл кешеуілдейін деп тұр. 100 орындық клуб үйінің құрылыс жұмысы биыл болмағанымен, келер жылға басталатын секілді. Оған да уақыт керек. Жарық жүйесінің жобалық құжаты дайын, оның да межесі айқын. Жалпы ауылдағы күрмеулі мәселелер кезеңкезеңімен шешілуде. Ақүйікте де газ мәселесі түбегейлі шешілді. Ауылдағы ағайынның бірер сауалының ішінде таудан келген судағы тоған бойына шлюз қажеттігі айтылды. Екінші, ауыл шетіндегі өзгенің иелегіндегі жер маңын, оның ішінде су өткелін тазалауды да сөз қылды. Бұл мәселелер де уақыт оздырмай таразыланады деді. Ал, мектептің күрделі жұмысын құрылысы біткен кездегі қабылдау барысында талқылайтын боламыз деп түсіндірді. Өйткені, мектептер облыстың меншігінде. Бірақ аудан басшысы құрылыс жұмысын ала-құла етуге жол бермеуге уағдаласты. Сол секілді, өзге де мәселелер төңірегінде сұрақ-жауап алысты. Ең бастысы, бірер күннен кейін ауылдағы ағайын қатты отыннан құтылып, газдың жылылығын сезінетін болады. Сырдағы ағайынның ахуалы Биыл Байкенже халқы үшін сүйіншілейтін жаңалық көп. Алдымен, жаңадан білім ошағы бой көтереді. 150 орындық жаңа мектептің іргетасы жақын күндері қаланады. Бұл бір, екіншіден, “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры арқылы Байкенжеде біраз шаруа шешілейін деп тұр. Соның бірі жаңа спорт кешен. Үшінші, балаларды сауықтыру орталығы салынбақ, бұл да биылдың еншісінде. Төртіншіден, 4 көшеге асфальт төселеді. Оған 80 млн теңгедей қаржы құйылады. Бұл бұрын соңды берілмеген үлкен қаржы. – 2022 жылды жақсы қорыттық. Биыл жоспарда атқарылар жұмыс өте ауқымды. Байкенже ауылдық округінде бірнеше нысанның құрылысы жүргізіледі. Берекелі бастамалар аз емес, басқа ауылдарға құйылмаған инвестиция тартылғалы тұр. Жарық мәселесін шешудеміз, балалар автобусы бар, жолдың да жайы белгілі. Алла жазса “Қазатомпром” басшылығы жан-жақты жағдай жасауға ниетті. Тіпті медициналық автокөлікті де жоспарлапты. Сондықтан барлық басшыларына алғыс білдіреміз. Биыл 5 ауылға газ тарту жұмысы басталса, келер жылы 10 ауылға газ тартуды бастаймыз. Оған қазір жобасы жаслынуда. Соның ішінде Байкенже бар. Мұның барлығы ауыл халқының несібесі, – деді аудан басшысы. Жақын күндері Кейден ауылдық округіне газ тарту жұмысы басталады. Ел асыға күткен жаңалықты аудан әкімі арнайы баяндап, өзге де мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Жарық мәселесі биыл шешіліп тұр, тек көшелер асфальтіне қаржы бөлінбеді, биыл газ келсе, келер жылы көшелер қайта қалпына келтіріледі. Аққұм ауылының 1 көшесі жөнделсе, жарық жүйесі биыл аудандық КРЭК-тің иелігіне тапсырылады. Егер жауапты мекеме қарамағына алса, электр энергиясы бұл ауылда да шешілгелі тұр. Сол секілді, канал жұмысы аяқсыз қалмайды. Өйткені, бұл жұмысқа республикалық бюджеттен қаржы қаралуда. Кездесу соңында Аққұм халқы газ мәселесін көтерді. “Бесарық тұсына салыну керек АГРСтің құжатын қайта қарап, облыстық бюджеттен қаржы бөлдірдік. Келер айда министрлікке тапсыратын боламыз. Егер бұл жоба мақұлданып, құрылысы басталса, онда Жаңақорғанның барлық ауылын газбен қамтуға мүмкіндік туындайды. Ол да уақыттың еншісінде, – деді әкім. Шалқияға газ тарту басталды Өткен аптада Төменарыққа газ тартудың құрылысы басталса, енді кезек Шалқия кентіне де келді. Жобаның құны – 828 млн 455 мың теңге. Бұл жұмысты жыл соңына дейін бітіріп, Шалқия мен Құттықожа халқына газ беруге әкім жұмыс жасауда екенін жеткізді. Құдай қаласа биыл Жаңақорғанда 5 ауыл көгілдір отынның игілігін көреді. Қыраш пен Бірлікті қоспағанда. Шалқия кентінде ауыз су мен жарық шешілген. Бұл ауылда соңғы кезде жастар арасында күрделенген тәртіп мәселесіне әкім арнайы тоқталды. Шалқия халқы газ құрылысының басталу шарасына қатысып, тарихи сәттің куәсі болды. Кент имамы батасын беріп, Алладан берекелі істің бірлікте бітуіне медет сұрады. Барлық ауылдарға сапардың барысында сауал қоюшылар нақты жауап алды.

                                                                                                                           Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ

18 ақпан 2023 ж. 189 0