№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тау беткейдегі ауылдардың тіршілігі

Тау беткейдегі ауылдардың тіршілігі


Аудан әкімі 
Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов халықпен есепті кездесуі тау беткейдегі ауылдармен түйінделді. 3 күн ішінде Сыр беткейдегі және Төменарық аймағындағы ауылдық округтерді аралап, елдің мұң - мұқтажын, талап - тілегін тыңдаған аудан басшысы бүгін 7 ауылға ат басын бұрды.

Алдымен аудан көлемінде жасалынып жатқан және алдағы жоспарларды жүйелеген әкім 3 ай бұрын келгенде көтерілген мәселелердің жауабын тізбектеді.

– Президенттің Жарлығымен, аймақ басшысының тапсырмасымен 3 ай сайын халықпен жүздесіп, жоспарларды бөлісіп, тұрғындардың өтінішін, талабын тыңдап, шешілу жолдарын қарастыруды қолға алдық. Ең бірінші, елдің әлеуметтік мәселесін шешіп алу талап мүддесі тұр. Оны 4-ке бөліп қарастырумызға болады. Ауыз су, газ, жарық және жол мәселесін жолға қою біздің басты мақсатымыз. Сондықтан, осы негізгі төрт мәселені жүйелеп алайық, қалғаны уақыт күттірмей реттеле береді, – деді аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов.

Төрт мәселе бойынша аудан басшысы әр ауылға барғанда нақты меже-жоспарын жеткізді...

МАНАПТЫҢ МӘСЕЛЕСІ - МЕКТЕП ИНТЕРНАТЫ

Бұл бойынша келер жылы күрделі жөндеуден балалар жататын интернат күрделі жөндеуден өтеді. Бірақ, келешекке көз тастап, интернатты жаңадан салудың жолын қарастыруды аудан басшысы тапсырды. Ол уақттың еншісінде, дегенмен жаңа ғимарат түбінде салынуы керек деп нақтысын айтты.

Сол секілді тоғанды Табиғат мекемесінің теңгеріміне алып, шлюзді ретке келтіруді қолға алудамыз деді. Аяқ су шешіледі, Ауылішілік жол жөнделеді, келер жылы балалар алаңы жөнделеді деді.

ТАЛАП ТҰРҒЫНДАРЫ АЯҚ СУДЫ КҮТЕДІ

Алдымен ауылдағы ағайынның айтқаны 2 скважинаға қаржы бөлініп, енді жұмысы жүргізіледі. Алайда, оған демеушілер нақтыланса, аудандық бюджеттен бөлінген 5 млн теңгеге ауылға қажетті аяқ суға жұмсалуы мүмкін. Қазір ауылдағы жұрт Жаманбай батыр ауылдық округіндегі қоймадан аяқ су алуды көздейді. Өйткені, егін егуді қайта жандырсақ дейді. Аудан әкімі бұл мәселені келер жылға шешуді тапсырды.

ЖАМАНБАЙ БАТЫРҒА ЖАҢА ҒИМАРАТТАР КЕРЕК

Бірінші, ауылға емхана құрылысының жүргізілуі. Аудан әкімі облыс бойынша 23 орында тұрғанын, 2 жылдың көлемінде салынатын айтып, сүйіншілеп қойды. Спорт кешенін салу үшін қаржы бөлініп, керек құжаттары дайын, келер жылы басталады. Ал, тек күрделі мәселе 90 орындық балабақшаның құрылысы. Бұл құрылыс келер жылы жүзеге асады. Лагерьге және Апанғаққа барар жолдың мәселесі де шешілетіні айтылды. Клуб жөндеу жақын күндері бітеді.

ҚОСҮЙЕҢКІГЕ КЛУБ ҚАТТЫ ҚАЖЕТ

Иә, тым ескі, ХХІ ғасырда мұндай ғимаратты пайдалану өте ұят деген аудан басшысы жоба-сметалық құжатына қаржы қаралғанын, тездетіп іске кірісіп, келер жылы іргетасын қалауға жұмыс жасау тапсырылды. Көпір салынды, енді интернет мәселесін шешуді облысқа алақан жаймай-ақ, "Қазақтелеком" арқылы шешуді ойластыруды міндеттеді. Жарық төмен екені белгілі, сондықтан кенттен шығарылған, бірақ, жарамды бағаналарды, сымдар мен трансформаторларды алып, уақытша болса да ауылға орнатуды тапсырды. Өйткені, алдағы жылдарды барлық елді мекендердің жарығы жаңартылады. Әзірге қолда барды пайдалану керек деді. Жер мәселесі де заң бойынша шешіледі.

ҚОС АУЫЛДЫҢ ҚУАНЫШЫ

Биыл қара күзге дейін Қыраш пен Ақүйік ауылдық округі көгілдір отынына толық қосылып, ел игілігін көреді. Қырашта да жер мәселесі сөз болып, жекеге берілмейтіні айтылды. Сол секілді ауылдың азаматтары ауылға спорт кешенін салу туралы сүйінші хабарын жеткізді. Ал, аудан басшысы балалар алаңын келер жылдың көктеміне дейін бітіруді жүктеді.
Ал, Бірлікте ескі мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде, көптен күткен балабақша құрылысы бітті. Келер жылы балалар ойын алаңын салуға әкім уағдаласты. Сол секілді катлаван мәселесін ертерек бітіруді таспсырды. Ең бастысы, ауылдағы ауыз су жүйесін "ОДСП Арал" мекемесіне жақын арада беру уәдесін алды.

ШАЛҚИЯДА ДА ШАРУА ЖЕТЕРЛІК

Ең қуанатын жайт кентке биыл газ құбырын тарту жұмысы басталады. Алла жазса келер жылдың күзінде ел қатты отынның қасыретінен құтылады. Жекеге өткен жер мәселесі шешілді, канализацияның да шаруасын шешеміз деді. Бәрінен бұрын, 30 орындың мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығын салу жобасы іске асатаны көпті қуантты. Ал, Құттықожа ауылы келер жылы газбен бірге, жарығы толық жаңарады..




26 тамыз 2022 ж. 446 0