» » Кейден ауылында көп мәселе шешілуде

Кейден ауылында көп мәселе шешілуде


Аудан орталығына ең жақын орналасқан Кейден ауылдық округінде көп сауал жауабын тапты. Аудан әкімі осыдан үш ай алдыңғы барған сапарында кейдендіктер бірнеше мәселе көтерген болатын. Жарық, жол және газ мәселесінің шешілу жайын сұрады ауыл халқы. Көшелерге тас төселгенімен асфальт келер жылы салынбайды. Өйткені, алдымен газ құбыры ауылға толық жүргізілсін, содан соң жап-жаңа асфальт төселеді. Бұл өте дұрыс шешім, ал, Аққұм ауылында келер жылы жол жөнделіп, жарықтар толық жаңғыртылады.


– Биыл аудан көлемінде атқарылған, жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Жарық пен газдың мәселесін шештік. Биыл екі ауылға газ қоссақ, келер жылы 5 ауыл, одан кейін Төменарық аумағындағы ауылдарды, Сыр беткейдегі тағы 5 ауыл көгілдір отынның игілігін көретін болады.

Алла бұйыртып, министрлік қолдап жатса, 4-5 жылдың ішінде аудан толғымен газға қосылады. Сол секілді, келер жылдың соңына дейін аудан орталығы мен 11 ауылдық округтің жарығы жаңғыртылып, қалған ауылдарға орташа жөндеу жүргізіледі. Мүмкіндік болса, қалған ауылдарды да жаңа жүйеге келтіруге тырысамыз, – деді аудан басшысы. Кейден халқы асыға күткен газ құрылысы келер жылы басталады. Бұл ауыл халқы үшін үлкен қуаныш. Содан кейін жол мен жарық та толық шешіледі.
05 желтоқсан 2022 ж. 262 0