Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тау беткейдегі ауылдардың тынысы

Тау беткейдегі ауылдардың тынысы

Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлының 3 ай сайын халықпен кездесу жалғасуда. Бүгін аудан басшысы бастаған делегат бес ауылдың ахуалын бағдарлап, жасалып жатқан жұмыстарды жүйелеп, елдегі ағайынның талап-тілегін тыңдап қайтты.
Жайылмада жаңалық көп

Биыл жайылмалықтардың асыға күткен клуб үйлері пайдалануға беріледі. Аудан басшысы жақын күндері құрылысын толық зерделеп болғаннан кейін тарту етеміз деді. Екіншіден, жарықтандыру жүйесі қайта жаңғыртылады. Үшінші, ауылдың негізгі тіршілік көзі егін шаруашылығы болғандықтан кейін аяқ су үлкен порблема. Бұл мәселе де биыл оңтайлы шешіледі. “Қазсушар” мекемесімен келісімге келіп, биыл диқаншы қауым судан тарықпайтыны айтылды. Ең бастысы, ауылға газ тартылады. Жыл соңына дейін көгілдір отынның игілігін көретін болады.
Тұрғындардың тағы бір тілегі – жайылымдық жердің жыры. Мұны аудан басшысы назарға алғанын, алдағы уақытта жұмыс жасалатынын жеткізді.

Сунақатаға газ қашан келеді?

Биыл аудан бойынша жалпы 7 ауылға газ келеді. Ал, келер жылдан бастап Төменарық аймағындағы 4 елді мекен мен Сыр беткейдегі бірнеше ауылға газ тарту жұмысы басталады. Соның ішінде Сунақата ауылы бар.
– Біз биылғы жылы Төменарыққа толық газ тартып, іске қосуымыз керек. Бұйырса келер жылдың соңына дейін жоспардағы 10 ауылға жұмыс жасайтын боламыз. Құдай қаласа 2025-2026 жылдары аудандағы барлық округ газға қосылады. Әрине, оған уақыт керек, лкен қаржыны талап етеді. Дегенмен, газ мәселесін соңына дейін жеткізуге жұмыс жасаймыз. Бұл күн тәтібіндегі өзекті мәселе. Сол секілді, жарық жүйесі де толық шешілетін болады, – деді аудан басшысы.
Сунақатада да биыл жарық толықтай жаңарады. Бұл да ауыл халқыны негізгі талап-тілегі еді.

Қосүйеңкіге клуб керек

Ауылдағы ағайын клуб мәселесін көтерді. Мұның да шешімі дайын. Биыл бұйырса бұл жұмыстар басталады. Жарық мәселесі де биылғы жылдың жоспарында. Электрик маманы табылып тұр, енді штат қызметіне алынады. Бұл ауылдың көшелерін жөндеуге 75 млн теңгедей қаржы бөлінген, бұл көп мөлшерлі жоба. Ауылға кіре берсі көпір салынды. Енді тұрғындар газдың келуіне асыға күтуде. Бұл жөнінде аудан әкімі нақтылап түсіндірді. Бесарықтағы АГРС салынуға жұмыс жасалынуда, егер салынуға қазынадан қаржы бөлінсе, қыр мен сырдағы қалған ауылдарға жоба-сметалық құжаты жасалына бастайды. Оның да ауылы алыс емес.

Қыраштың қақпасы жаңарады

Жақын күндері Қыраш ауылына газ беріледі. Ауыл халқы асыға күтіп отырғаны рас. Енді ауыл халқы ауылдағы арканы жаңаласақ дейді. Екінші, ойын алаңқайы, үшінші, клуб үйі салынса деген тілегін жеткізді. Ойын алаңқайы мен ауылға кіре беріс қақпа салынады. Тек клубтың жағдайы сәл кешеуілдейін деп тұр. 100 орындық клуб үйінің құрылыс жұмысы биыл болмағанымен, келер жылға басталатын секілді. Оған да уақыт керек. Жарық жүйесінің проектісі дайын, оның да межесі айқын. Жалпы ауылдағы күрмеулі мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде.

Бірлік: табиғатқа жанашырлық керек

Ауылдағы ағайынның бірер сауалының ішінде таудан келген судағы тоған бойына шлюз сұрауда. Екінші, ауыл шетіндегі өзгенің иелегіндегі жер маңын, оның ішінде су өткелін тазалауды да сөз қылды. Бұл мәселелер де уақыт оздырмай таразыланады деді. Ал, мектептің күрделі жұмысын құрылысы біткен кездегі қабылдау барысында талқылайтын боламыз деп түсіндірді. Өйткені, мектеп облыстың қамқорлығында. Бірақ аудан басшысы құрылыс жұмысын ала-құла етуге жол бермеуге уағдаласты. Сол секілді, өзге де мәселелер төңірегінде сұрақ-жауап алысты. Ең бастысы, бірер күннен кейін ауылдағы ағайын қатты отыннан құтылып, газдың жылылғын сезінетін болады.
Айта кететіні, ауылдарға сапар әлі жалғасады. Қырдағы және Сыр беткейдегі ауылдар кесте бойынша кездесулер өткізіледі.

Али Жарықбаев



14 ақпан 2023 ж. 211 0