№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ниет пен несібе – егіз

Ниет пен несібе – егіз



Небір жобалар бойынша жұмылдырылған мақсатты капиталдың жеке біреулердің «майшелпегіне» айналып, нешеме жылдар халықтың маңдайына сор болып жабысып, қоғамда табыс атаулыға кедергі болып келген кілтипан атаулының кірін айнадай жуып тазартуға қатты мұқтаж болып отырған бүгінгі күні бұл өзгерістер жаңа Қазақстанның табалдырығына жарқын жүзбен нық табан тіреуіміздің біссімілләсі болса жарады. Сонымен, бүгінде Жаңақорған ауданы Сыр өңірінде сәулеттік-архитектуралық келбеттенуі болсын, инвестицияның тартылуы, қаражаттың игерілуі, жалпы макроэкономикалық көрсеткіштердің көлемі жөнінен алдыңғы орыннан көрінуі, сайып келгенде елдің ынтымақты бірлігі мен тірлігінің арқасында екенін айтқан аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы бұл басқосуда ортақ жауапкершілік жолында қапталдаса қатар жүрген қалың қол – әріптестеріне алғаусыз алғысын жеткізуді де ұмытпады. Жаңа келіп кірген жылдың жағымды жаңалығы бұдан да ауқымды, бұдан да биік болғалы тұр. Бұл туралы аудан басшысы былай жеткізді: – Аллаға шүкір, 2022 жыл ауданда өте жоғары көрсеткішпен қорытындыланды. 2023 жылдың бюджеті қалыптастырылу үстінде. Былтыр республикалық және облыстық трансферттен келетін қаржы 6 жарым миллиардтан аспаған, бүгінгі таңда бұл аталған қаржы 15 миллиардқа, яғни екі жарым есеге артып отыр. Бұған іс басындағы азаматтардың талапқа сай жұмыс жасап, құжаттарды дер кезінде ұсынуы нәтижесінде қол жетті, бұйырса, жемісін де көретін боламыз, – деді ол. Аудан бюджеті былтыр сәуір айында 2,6 млрд еді, жыл бойы зерттеп-зерделеп, ықтимал көздіктерді тауып, жыл соңына дейін 3,1 млрд теңгеге жеткізіліпті, енді 4 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр екен. Сонда барлығын есептегенде ауданға 20 миллиардқа жуық қаржы келетін болады. Аудан әкімі бірінші кезекте кентте атқарылған жемісті жұмыстарға тоқталды. Осындай әлеуетті жағдайды аудандағы қалған 24 ауылдық округ бойынша табысты іске асыру қолға алынатынын жеткізді. Яғни жыл соңына дейін көп елді мекеннің көркі ажарлана түсетіні, атап айтқанда, кіре беріс көшелерін жаңарту, жарықтандыру, асфальттау, мектепке, балабақшаға баратын жолдарға тротуар салу жұмыстары бойынша өз бюджетімізден қаржы бөлдіруге бекініп отырғанын жеткіізді. Ауылдық жерлерде де саябақ, аллея, демалатын орындар салу ойда бар. Осы жағдайларды жасау арқылы ауыл баласының да өркениеттен кем емес өрісті мекенде өсіп-өніп, жан-жақты жетілуіне жол аша білсек елге жасаған ең үлкен қамқорлығымыз осы болғалы отыр. Әкім биылғы жылы кентке бөлінген қаржыға атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Соның бірі – Тәуелсіздік көшесінің қоршаулары жаңартылып, тал егіліп, ортасына тротуар салынады, анығында аталмыш даңғыл көпшілік үшін еркін сейілдейтін ерекше орынға айналғалы отыр. Транспорт қозғалысы кемдеу әрі кең Бекмахан Дүйсенбаев көшесінің екі жағына да тротуар салынып, жарықтандырылатынын, мешіт жақ беттегі кеңістікте тұрғындарға демалатын жағдай жасалып, көлеңкелі бастырмалар, орындықтар қойылса, осы аумақтағы мөлтек ауданның үлкен-кішісі осында келіп уақыт өткізген болар еді. Аудан басшысының Мұсаханов көшесінің жиегін кеңейту, көлдің жағажайын ретке келтіру аоқылы балық аулауға жайлылық орнатуға тапсырма беруі тұрғындарға теңдей жағдай жасаудың жарасымды үлгісін көз алдымызға әкеліп, «Қалауын тапса қар жанар» деген мәтелдің мәнісін тірілткендей болды. Соңғы кездері аудан орталығындағы жаңадан ашылған №169 орта мектебінде балалары оқитын атаананы қауіпсіздік мәселесі қатты алаңдатып жүргені белгілі. Біріншіден мектепке Манап Көкенов, Ақмешіт, Амангелді көшелері жағынан қатынайтын оқушылар көлдің ортасынан түскен автожол арқылы қатынауға мәжбүр. Біреулері базарды кесіп өтіп стадионның жанынан өтіп барып жүр. Бұл екі тарапта да оқушыларға қауіптілік басым. Осы мәселені жылдам шешуге пәрмен берген аудан әкімінің тапсырмасына сай кент әкімі Асқар Ибрагимов бұл жұмыстардың шет жағасы басталып та кеткенін айтып, көпшілікті қуантып қойды. №169 мектеп алдында көлік кептелісін жою үшін білім ошаағының артынан автожол жасалынбақ.
Аудан басшысы одан әрі кент орталығында кезекте тұрған кісілерге Саяжайдан 300 гектар жер аршылып, қазір ол жерге инфрақұрылымға 6,5 млрд теңгенің жобасы жасалып, республикаға жіберілгенін, таяу уақытта шешілетінін айтты. Мөлтек ауданның жарығы, суы, жолы шешілсе 1,5 мың адамға жер беріледі. Саяжайға 600 орындық мектеп салынады. Аймақ басшысының арқасында өңірімізде 22 мектеп салынатын болса, соның екеуі Жаңақорғанның еншісінде. Бірі Жаңарықта, екіншісі Саяжайға салынады. Содан соң Байкенжеге 150 орындық мектеп салынады. Кент орталығынан келесі оқу жылына дейін тағы бір мектеп МАИ бекетінде беріледі. Міне, осы кезде бүгінге дейін қиындық көріп келе жатқан Ипподром, Май бекеті, Саяжай оқушылары өз аудандарында білім алатын болады. Кенттің ішінде әлі де жарықтандырылу жалғасады. Биыл 4 көшеге жарық жұргізіледі. Алдағы уақытта көркейту-көгалдандыру бағытында жұмыстар атқарыла береді. Қорасан ата көшесінде Неке сарайының құрылысы жақын уақытта басталатынын білдік. Парк ішіне жаңадан аттракцион орнатылып, ойын балаларына тамақтанатын орын ашылатыны да кент тұрғындары үшін тосын жаңалық болды. Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы облыста өткен «Отбасы – тәрбие бесігі» атты кеңесте талқыланған мәселелердің біздің ауданымыз үшін де өте өзекті екенін айтып, бұл жөнінде тиісті салалар ғана емес, елдің жанашыр ағалары мен қоғамдық ұйымдарды бірлесе отырып, жұмыс жасауға үндеді. Жиында сөз алған Серік Мұсабаев кент тұрғындары атынан аудан әкімінің жұмысына жоғары баға беретіндіктерін айтты. Ол өзі Саяжай мөлтек ауданы тұрғыны. «Көше шамы жарқырап жанып тұр. Ауыз су шешілді. Бәрінен бұрын жол салынып, мектепте оқитын балапандарымыздың бәтеңкесі балшықтан ажырады» деді ел ағасы. Сол төңіректегі атаананың жылдар бойы көтеріп келе жатқан мәселесін осы бір жылда таптұйнақтай еткен аудан басшысына шын пейілді ризашылығын жеткізді. Одан әрі ауыл шаруашылығының майталман мамандары Жұмабек Қосдәуіров, Алмас Нәлібаевтардың көтерген мәселелері бойынша аудан басшыысы қолға алынған нәтижелі бастамалардың жай-күйін тарқатып берді. Қандай мәселеде болмасын көргені көп, көшелі кеңесін айтуды үлкендік міндеті санайтын ардагер аға Алшынбай Тұртановтың ұрпақ тәрбиесі төңірегіндегі талапты насихаты саналы кеуделерге салмақты міндет арқалатты деуге болады. Ақ тілекті қадір тұтқан халықтық қасиетіміздің жоралғысымен Махмұдұлы Мұзарап ақсақал батасын беріп, барлығымызды алғы күнге бір мақсатқа бас қосуға үндеді. Ал бауырдай бірігіп, жақсылыққа ниеттенгеннің несібесі ешуақытта кем болмайды.

                                                                                                                      Баян ҮСЕЙІНОВА
29 тамыз 2023 ж. 215 0