№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Аудан әкімінің Республика күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің Республика күнімен құттықтауы


Құрметті жерлестер, қадірлі қауым!


Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев шілде айында өткен Құрылтайда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған болатын. Президент ұсынысы бірауыздан қуатталып, «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне» өзгерістер енгізіліп, биыл 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күні мемлекеттік деңгейде қайта аталып өтілуде.

1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Құжатта Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси - құқықтық негіздері жарияланып, Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, халықаралық қатынастар дербестігі, мемлекеттік Рәміздері бекітілді. Республика күні біздің еліміздің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамдарымыздың жарқын символы! Осылайша, 2022 жылғы қыркүйектегі ҚР Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, «25 қазан - Республика күні» ұлттық мерекесі болып қайта белгіленді. Бұл мереке Қазақстан тарихында ерекше маңызға ие айтулы мереке болып қала бермек.

Қадірлі қауым! Республика күні мерекесі құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов
25 қазан 2022 ж. 1 613 0