№29 (8843) 22

22 сәуір 2025 ж.

№28 (8842) 19

19 сәуір 2025 ж.

№27 (8841) 15

15 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » АЛКОГОЛИЗММЕН АУЫРАТЫН АЗАМАТ МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУГЕ ЖІБЕРІЛДІ

АЛКОГОЛИЗММЕН АУЫРАТЫН АЗАМАТ МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУГЕ ЖІБЕРІЛДІ



Іс құжаттарына сәйкес, азамат К. 2021 жылдан бастап облыстық наркология орталығында  алкогольді қолдануға байланысты психикалық және мінез-құлық ауытқулары диагнозымен диспансерлік есепте тұратыны үнемі алкогольдік ішімдік ішіп, өз еркімен емделуден бас тартқаны, арнайы медициналық сараптау комиссиясының қорытындысымен созылмалы маскүнемдікпен ауыратыны және 6 ай мерзімге маскүнемдіктен еріксіз емдеуді қажет ететіндігі бекітілген.
         Арыз берушінің өкілі А., сот отырысында арызды қуаттап, К-ны ұдайы алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзатынын, соңғы айларда салынып ішетінін көрсетіп, арызды қанағаттандыруды сұрады.
Жаңақорған АПб-нің ЖПҚб-нің УПИ-ры А-ның мәлімдемесіне сәйкес, науқас ұдайы түрде алкогольді ішімдіктер ішетінін, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға бейім екенін, өз еркімен алкоголизмнен емделмейтінін, алкогольді масаң күйде қоғамдық тәртіпті бұзатынын көрсетті.
         Аудандық соттың шешімімен арыз беруші «Жаңақорған ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-нің арызы қанағаттандырылып, азамат К. 6 ай мерзімге маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу үшін мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесіне еріксіз емдеуге жіберілді.
         Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
30 қаңтар 2023 ж. 258 0