Алкоголизммен ауыратын азамат мәжбүрлеп емдеуге жіберілді
Жаңақорған аудандық сотына арыз беруші «Жаңақорған ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-і алкоголизммен ауыратын азамат К-ның өз еркімен емделуден жалтарып жүргенін негіздеп, мәжбүрлеп емдеуге жіберу жайлы арызбен жүгінген.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат К. 2021 жылдан бастап облыстық наркология орталығында алкогольді қолдануға байланысты психикалық және мінез-құлық ауытқулары диагнозымен диспансерлік есепте тұратыны үнемі алкогольдік ішімдік ішіп, өз еркімен емделуден бас тартқаны, арнайы медициналық сараптау комиссиясының қорытындысымен созылмалы маскүнемдікпен ауыратыны және 6 ай мерзімге маскүнемдіктен еріксіз емдеуді қажет ететіндігі бекітілген.
Арыз берушінің өкілі А., сот отырысында арызды қуаттап, К-ны ұдайы алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзатынын, соңғы айларда салынып ішетінін көрсетіп, арызды қанағаттандыруды сұрады.
Жаңақорған АПб-нің ЖПҚб-нің УПИ-ры А-ның мәлімдемесіне сәйкес, науқас ұдайы түрде алкогольді ішімдіктер ішетінін, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға бейім екенін, өз еркімен алкоголизмнен емделмейтінін, алкогольді масаң күйде қоғамдық тәртіпті бұзатынын көрсетті.
Аудандық соттың шешімімен арыз беруші «Жаңақорған ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-нің арызы қанағаттандырылып, азамат К. 6 ай мерзімге маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу үшін мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесіне еріксіз емдеуге жіберілді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі