№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӨЗДІ АШЫП ЖҰМҒАНША КЕЗЕКТІ АПТА ДА АЯҚТАЛЫП ҚАЛДЫ

КӨЗДІ АШЫП ЖҰМҒАНША КЕЗЕКТІ АПТА ДА АЯҚТАЛЫП ҚАЛДЫ


Ал біз жұма күні Жаңақорған аудандық сотының өндірісіндегі азаматтық істерді жіпке тізіп, өткелі тұрған жұманы қорытындылаймыз.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА АПТАЛЫҚ ШОЛУ
2021 жылдың 1-8 қазан аралығында аудандық соттың өндірісіне 24 талап арыз келіп түсті. 8 азаматтық іс қаралып, 2 іс бойынша шешім шығарылды.
Сонымен қатар қайтарылған арыздар саны 2, тараптардың татуласуымен 2 іс өндірістен тоқтатылып, 4 іс сот бұйрығының шығарылуымен аяқталды.
Осы аптада қаралған істерге тоқталар болсақ:
Аудандық сотта талап қоюшы «ҚазТрансГаз» Аймақ АҚ-ы талап арыз беріп, онда жауапкер А 51 822 теңге қарызды және мемлекеттік баж 1 555 теңге алымын өндіруді сұраған.
Іс құжаттарынан анықталғандай, талап қоюшы «ҚазТрансГаз» АҚ-ы мен жауапкер А. арасында жасалған қайтарымды қызмет көрсету шартына сәйкес жауапкер А. тұрғын үйіне газ тарату жүйесіне қосу қызметін көрсеткен, жауапкер 68 829 теңге қызметтің құнын төлеуге міндеттеніп, оның 17 007 теңгесін төлеп, 51 822 теңге берекшек болған.
Талап қоюшының ескертпе хаты жауапкерге жолданып оған ескертпе хатта қызмет көрсету құнынан қалған берешегі 51 822 теңге қалғаны көрсетілген.
Соттың шешімімен талап қоюшы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның жауапкер А 51 822 теңге қарызды және мемлекеттік баж шығыны 1 555 теңгені өндіру туралы талап қою арызы қанағаттандырылды.
Келесі кезекте арыз беруші «Жаңақорған ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-і алкоголизммен ауыратын азамат С-ның өз еркімен емделуден жалтарып жүргенін негіздеп, арызбен жүгінген.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат С. 2015 жылдан бастап облыстық наркология орталығында диспансерлік есепте тұратыны, үнемі алкогольдік ішімдік ішіп, өз еркімен емделуден бас тартқаны, арнайы медициналық сараптау комиссиясының қорытындысымен созылмалы маскүнемдікпен ауыратыны және 6 ай мерзімге маскүнемдіктен еріксіз емдеуді қажет ететіндігі бекітілген.
Жаңақорған АПб-нің ЖПҚб-нің УПИ-ры Б-ның мәлімдемесіне сәйкес, науқас әрдайым алкогольді ішімдік ішетіндігі, емделуден бас тартып жүргені, жанұясының мазасын алатыны, сонымен бірге алколгольді масаң күйінде бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бекітілді.
Аудандық соттың шешімімен арыз қанағаттандырылып, азамат С. 6 ай мерзімге маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу үшін мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесіне еріксіз емдеуге жіберілді.
Тарихтың қалтарысында қалып бара жатқан апта ішіндегі Жаңақорған аудандық сотының өндірісіне түскен істердің көрсеткіші осындай.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
08 қазан 2021 ж. 279 0