№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ІШІМДІК- ІНДЕТ, ОНЫМЕН КҮРЕС- МІНДЕТ

ІШІМДІК- ІНДЕТ, ОНЫМЕН КҮРЕС- МІНДЕТ



Қазіргі қоғамда ішімдікке салынып, қоғамдық тәртіпті бұзып ғана қоймай, мас күйінде отбасының берекесін алып,
өз еркімен алкоголизмнен емделуден жалтаратын азаматтар бар екені белгілі.
Ащы судың әсерінен әлек салып, жанұясының шырқын бұзғандарға қатысты олардың отбасы мүшелері, егер аталған тұлға алкоголизмнен өз еркімен емделуден жалтарған жағдайда оны еріксіз емдеуге жіберу жайлы ішкі істер органына арызбен жүгінуге құқылы.
Осы тұлғалардың өтініші негізінде ішкі істер органымен жинақталған құжаттар науқастың тұрғылықты жері бойынша емдеу мекемесінің алкоголизммен ауыратын азаматты еріксіз емдеуге арнайы медициналық мекемеге жолдау жайлы арызбен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 130-бабының 2-бөлігіне сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыс жасаған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және созылмалы алкоголизммен ауырады деп танылған және ерікті түрде емделуден жалтарған адамдарға сот шешімі бойынша қолданылады.
Қазақстан Респубикасының «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы» Заңының 1-бабына сәйкес өз еркімен емделуден жалтарған алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларға денсаулық сактау жүйесінің мамандандырылған емдеу профилактикалық мекемелерінде еріксіз стационарлық ем қолдануға тиіс.
Ағымдағы жылдың 10 айында Жаңақорған аудандық сотында арыз беруші Жаңақорған ауданаралық ауруханасының алкоголизммен ауыратын азаматтарды еріксіз емдеу мекемесіне жіберу жайлы 17 арызы бойынша азаматтық істер қаралып, ол бойынша сотпен арыздарды қанағаттандыру жайлы шешім шығарылған, яғни 17 науқас сот шешімі негізінде алкоголизмнен еріксіз емдеуге жіберілген.
Сот өндірісінде осы санатта қаралған азаматтық істің біріне тоқталсақ, арыз беруші Жаңақорған ауданаралық ауруханасы алкоголизммен ауыратын азамат К-нің өз еркімен емделіп келгеннен кейін қайта ішімдік ішуді жалғастырғанын, салынып ішіп, емделуден жалтарып жүргенін негіздеп, сотқа арызбен жүгінген.
Сот наркологиялық сараптама қорытындысымен азамат К-нің алкогольді қолдануға байланысты психикалық және мінез құлық ауытқулары ауруына шалдыққаны, белсенді тәуелділігі, созылмалы маскүнемдікпен ауыратыны, алкоголизмнен еріксіз түрде емделуді қажет ететіні бекітілген.
Сот отырысында да науқастың ұдайы алкогольді ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпке бағынбай, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, өз еркімен емделуден бас тартатыны анықталған.
Азамат К.-нің тұрғылықты мекен-жайы бойынша аумақтық полиция инспекторы оның ұдайы түрде алкогольді ішімдіктер ішетінін, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға бейім екенін, мас күйінде көшеде қонып қалатынын, өз еркімен алкоголизмнен емделмейтінін, алкогольді масаң күйде қоғамдық тәртіпті бұзатынын көрсеткен.
Ал науқастың ағасы інісі К-нің үнемі арақ ішіп, мас күйінде үй заттарын сатып, тапқан ақшасына арақ алып ішетінін, оны еріксіз емдеуге жіберу туралы берген арызын қуаттайтынын бекіткен.
Осы негізде сот Жаңақорған ауданаралық ауруханасының алкоголизммен ауыратын К-ні мәжбүрлеп емдеуге жіберу жайлы арызын қанағаттандырып, науқас 6 ай мерзімге мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесіне алкоголизмнен мәжбүрлі түрде емдеуге жіберуге жатады деп тұжырымдады.
Қазіргі уақытта дүкен сөрелерінде қаздай тізілген арақ-шараптың түр-түрін көргенде өзі ішімдікке әуес жандар қарызданып болса да немесе жоғарыда аталғандай өз үйінің мүлкін немесе көрші-көлемнің мүлкін ұрлап сатып, тапқан ақшасына арақ алып ішуді әдетке айналдырады.
Бұл жағдайдан ішімдіктің азаматтың жеке басына, денсаулығына ғана емес, отбасы жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне кері әсер ететінін көруге болады.
Ұлтымызды азғындыққа жетелейтін ішімдік ішуден азаматтарымыз бойын аулақ салса, еліміздегі отбасылардың да берекесі артып, шаңырақтарында шаттық орнап, халықтың әл-ауқаты жақсарар еді.
Ішімдік-індет десек, онымен күрес әрбірімізге міндет.
05 қараша 2021 ж. 266 0