№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпкерліктің 48,2 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде

Кәсіпкерліктің 48,2 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде



Өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жалпы құны 14,8 млрд. теңгені құрайтын 1775 жоба қаржылай қолдау тауып, 2073 жаңа жұмыс орны құрылған. Қаржылай жеңілдіктерге қол жеткізген жобалардың 28%-ы қызмет көрсету саласында, 25%-ы сауда саласы бағытында, 26%-ы ауылшаруашлығы бағытында, 21%-ы өндірістік бағытта қызмет көрсетуде.
Оның ішінде, «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында субсидиялау бағыты бойынша 11,8 млрд теңгені құрайтын 758 жоба қолдау тапса, Қайтарымсыз мемлекеттік грант бағыты бойынша 56,6 млн.теңгенің 16 жобасы қаржыландырылды.
Ал, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға  арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 280,2 млн.теңгені құрайтын  45 жоба қаржыландырылып, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жоба құны 819,6 млн.теңгені құрайтын 101 жоба қолдау тапты.
Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың 2021 – 2025 жылдарына арналған жол картасы» аясында «Іскер» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 53,1 млн.теңгеге 11 жоба, «Групп Инвест» ЖШС-гі арқылы 52,5 млн.теңгеге 7 жоба, «Atameken Qyzylorda» МҚҰ-ы арқылы 188,1 млн.теңгеге 25 жоба қаржыға ие болды.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның» Қайтарымсыз мемлекеттік грант бағыты бойынша жоба құны 997,3 млн.теңгені құрайтын 814 кәсіпкер қаражатқа қол жеткізді.
«Бұл жобалардан бөлек, Қызылорда қаласында «Өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың бірыңғай индустрияландыру» картасы аясында «Нұр Орда жолы», «Вега Пром» Серіктестіктерінің асфальтбетон және құрғақ құрылыс қоспаларын шығару жобалары іске қосылды. Өткен жылдың соңында картадан тыс жеке кәсіпкер «Пиримжановтың» есік шығару цехы, «Строительно-Транспортная Компания» ЖШС-нің темірбетон бұйымдарын шығару жобалары іске қосылды.  Сонымен қатар, жыл көлемінде 11 сауда үйі, 61 сауда нысандары ашылып, 542 адам жұмыспен қамтылды», - деді бөлім басшысы
28 қаңтар 2023 ж. 335 0