№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қымыздың кереметін білесіз бе?

Қымыздың кереметін білесіз бе?


Қымыз кәсібі бүгінде берекелі бизнеске айналды. Өйткені сұранысы жоғары, нарықтағы өтімі жақсы. Жаңақорғандықтар да бұл бизнесті тіршілігіне идіріп, шағын шаруасын ширатып келеді. Біз бүгін қымыздың қасиеті мен оның сұранысы туралы жазуды жөн көрдік.


Қымызды даярлау, оның дәмі және адам ағзасына тигізетін әсері жөнінде толығырақ білу үшін кентте­гі қымызхананы көруге асықтық. Аурудың емі, саудың қуаты болған қымыз сататын дүкеннің бірі аудан орталығындағы Бейімбет Майлин көшесінде орналасқан. Кәсіпкер Мұратбек Рыспанбетов ағамызбен тілдесіп, шағын бизнесі туралы әңгіге өрбіттік.
– Бұл менің отбасылық кәсібім. Бие сауып, саумал сатып, қымыз ашытып, дәрумендерге бай қазақтың сусындарын сатумен айналысқаныма биыл 10 жылға жуықтады. Ал, ша­ғын дүкенді ашқанымызға 2 жылға жуықтады. Қазір қымыз сатушылар да, тұтынушылар да көбейіп келе жатыр. Өнім таза табиғи, сондықтан болар кез келген сатып алушы алғысын жаудырып, дәмі мен маңыздылығын айтып, тұрақты тұтынушымызға ай­налды. Бұл да бір адал еңбегіміздің жемісі деп білемін, – дейді кәсіп иесі.
Кейіпкеріміздің айтуынша, жылқы сүтінде ағзаға керек дәрумен көп. Әрі олар өте күшті болып келеді. Өкпе ауруын жазатын қымыздың асқазан-ішек жолдары, бауыр мен өт қызметі­не пайдасы орасан. Тері аурулары мен жүйке жүйесін тыныштандыратын қасиеті бар. Тұрақты түрде қымыз ішкен адамның иммунитеті жоғары болады. Қан құрамындағы гемоглабин мен эритроцит көбейеді деп пайдалы ақпараттарымен де бөлісті.
– Аға қымызды қалай сақтауға болады?
– Қымызды жерге көміп, жылдап сақтауға болады. Бір жылдық, екі жылдық, үш жылдық қымыз болады. Қымыз салқында тұрса бұзылмайды, сақталған сайын қуатын арттыра береді.
– Жалпы қымызға халықтың сұранысы қалай? Бұл кәсіпті ашудағы мақсатыңыз қандай?
– Ең алдымен пайдалы жағын зерттедім. Қымыздың ішінде түрлі эмбактериялар болады. Оны көп ха­лық біле бермейді. Бие сүтінде және қымызда адамның денсаулығына ке­ректі барлық дәрумендер бар. Әсіре­се ол A, C және D дәрумендеріне бай. Жалпы, қымыз ағзаға жан-жақты әсер етеді. Оның ас қорыту мүшелері­нің қызметіне, жүрек-қантамырлары, жүй­ке жүйесіне және басқа да дене мүшелеріне қолайлы әсері бар. Осы саланы кәсіп бастамас бұрын көп зерттедім. Қазіргі таңда халыққа пайдалы ас, жанға шипа сусын ұсынып отырғаныма қуаныштымын. Дүкенге кешқұрым жастар да келіп, дәм татып кетеді.
– Қанша бие сауасыздар? Қы­мыздың бағасы халықтың қал­тасын көтере ме?
– Қыс ауасы 2 бие сауып отырмыз. Жаз айларында 4-5 биеге дейін сау­ылады. 1 литр қымыз 1200 тең­ге. Жазда одан 200-300 теңгеге арзаны­рақ болады. Өздеріңіз біле­тіндей неміс пен орыстың газды сусындары күн санап бағасы шарықтап келеді. Олардың ағзаға қаншалықты зиян екенін біліп тұрса да ішетіндер көп-ақ. Сол зиянды сусынды алғанша, үстіне ақшамды қосып пайдалы сусын ішуге келдім дейтін халықты көргенде дән риза боламын.
– Отбасылық кәсіп деп қал­дыңыз? Балаларыңызды осы кә­сіпке баулисыз ба?
– Иә, бұл біздің шағын кәсібіміз. Болашақта кеңейту жоспарда бар. Себебі, сұраныс көп. Келіншегім Марина Рыспанбетова бар шаруаны өзі игеріп, халықпен жақсы жұмыс жасайды. Көп балалы ата-анамыз. Алланың бер­­­ген бес баласына тәлім-тәрбие беру­де­міз, бірақ, балаларымызға дәріха­на­ның дәрі-дәрмегін бермейміз. Дертке шипа, денеге күш беретін қазақтың таза сусындарымен қамтамасыз ете­міз. Ағзаның қорғаныс қабілеті жоғары болғасын көп ауыра да бермейді. Алла қа­ласа алтыншы сәбиімізді күтудеміз, – деп ағынан жарылды.
Бұл сауабы мен табысы толайым кәсіп екенін түсіндік. Ең бастысы, перзенттеріне ата кәсіпті үйретіп, болашаққа нық қадам басып келе жатқан отбасының еңбегі үлгі боларлықтай.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ
26 қазан 2023 ж. 332 0