Конкурс: мұғалімдер жұмысқа әділ қабылдана ала ма?
Өткен жылы қараша айында білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы шығып, биылғы оқу жылында мұғалімдерді қабылдау осы бұйрықтың негізінде жүргізіле бастады.
Мұғалімдерді жұмысқа жаңадан қабылдауда нормативтік талапқа негізделген конкурс ережелерімен қазір барша жұртшылық таныс деуге болады.
Негізінде педагогтерді конкурс арқылы іріктеп қабылдау салаға білікті кадрларды қабылдаудың таптырмас тәсілі ғана емес, білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс екені түсіінікті. Нақты тоқталып өтсек, жұмыс орны босаған жағдайда жұмыс беруші бос жұмыс орындары туралы ақпаратты бес күн ішінде еңбек жағдайларын, еңбекақысы мен төлемақысын көрсете отырып әлеуметтік желіде хабарлауы тиіс.
Бұған дейін мектептерде жұмысқа мұғалім қабылдауды директор жеке басы өзі шешіп келді. Енді жаңа ереже бойынша үміткерлер конкурсқа қатысу үшін өтінім береді. Өтініш иесі өзінің жетістіктерін, нәтижесін, әкімшілік немесе әдістемелік қызметінің тәжірибесін, курстық дайындықтан өтуін көрсете отырып, бағалау парағын толтырады. Нәтижесінде бос орынға балы ең жоғары педагог қабылданады.
Бұл жерде бір айқын нәрсе, үміткердің міндетті түрде педагогтік санаты болуы қажет. ЖОО-ның және колледждердің түлектері міндетті түрде біліктілік тестілеуден өтуге тиіс және мектепке келіп, «педагог» деген біліктілік санатын алады.
Дүйсенбі күні Жаңақорған кентінде жаңадан ашылған №286 мектепке және аудан орталығындағы №3 мектеп интернатына бос орындарға конкурс жарияланып, өтінім берген үміткерлер арнаулы сараптамадан өтті. Комиссия мүшелігіне аудандық білім бөлімінің жауапты мамандары, «Аманат» партиясы халық қалаулылары атынан өкілдер және БАҚ құралынан тәуелсіз бақылаушының қамтылуы басты назарға алынды.
Бұл күні алдын-ала белгіленіп, әлеуметке хабарланғанындай, №286 мектепте география, орыс тілі, физика, математика, ал №3 мектеп-интернатында информатика пәндері бойынша бос орынға конкурс өткізілді. Конкурсқа қатысуға келген талапкерлер арасында әлі де болса жаңа ереженің ішінара механизмдерін түпкілікті түсінбеудің салдарынан сараптамадан өтуге жарамсыз құжаттарды кері қайтарып алуға мәжбүр болған азаматтардың да кездескенін айтқымыз келеді. Бұл конкурстың ережелері туралы өткен жылы жергілікті басылымға аудандық білім бөлімі басшысы Болат Ибрагимовтың сұхбаты жарияланды. Бөлім мамандарының түсіндіру-насихаттық мақалалары да шықты. Осы орайда ұстаз қауымның мерзімді баспасөзбен ұдайы байланыста болуының көп артықшылығы бар екенін түсінетін кез жетті.
Бүгін, өзіміз де куә болғанымыздай, өзінің білім-білігін, шәкірттерінің жетістіктерін, ғылыми ізденісті жұмыстарын іс жүзінде ғана емес қағаз жүзінде де қаттап, көрсетуде ұқыптылықты ұстаным ете алмаған ұстаздарымызға ұтылып қалуға тура келетінін де ескерткіміз келеді. Өйткені конкурс талабындағы критерийлер бойынша мұғалімнің Жаңаща оқыту бағдарламасы бойынша курстан өткен сертификаттары, білім сайыстарында өзінің және шәкірті иеленген жетістіктеріне жеке-жеке тиісті балл қойылып, қорытындысы шығарылады. Ең көп ұпай жинаған ұстаз басып озып, мектептің педагогикалық ұжымының қатарын толықтырады.
Жаңа мектеп болған соң ба, оқу ошағына мұғалімдікке құжат тапсырғандар арасында тек жастар ғана емес, аудан мектептерінде көп жыл қызмет атқарған педагогтер де кездесті. Бұл ретте мұғалім қай білім ордасына жұмыс істеймін десе де өзінің құқы деген принципті басшылыққа алған комиссия құрамы қабылданған құжат бойынша жас мөлшеріне ешқандай шектеу қоймай, әділ түрде балдық мөлшерлемемен кіл мықтыларды анықтады.
Жұмысқа әлі тұрмаған, еңбек өтілі жоқ, сондықтан кәсіби жетістікке қол арта алмаған жастарымыз қайтпек керек сонда? Міне, бұл сұрақ жергілікті комиссияның құзіретінде тұрған мәселе емес, ережеге ғана сүйеніп жұмыс істейтін сараптау комиссиясы қанша жеке басы ізгілікті ұстанамын десе де қағиданы өзгертіп, өздігінше әрекет ете алмайды. Жалпы әлеуметтің талқылауында министрлік арқылы мұны шешудің тиімді тетігін табуға бола ма? Бүгін болмаса ертең қоғам жанын сыздататын осындай сырқаулы сұрақтарды заң шығарушы органдарға жеткізіп, бойында күші, жанарында оты бар, бірақ алдынан түрлі кедергілер шығып, жанбай жатып, жалыны қайтып қалуы мүмкін жас мамандарға тиімді, солардың мүддесін көбірек қорғай алатын қауқарлы ережелерді екшеп, бекітуге тиісті ведомство тарапынан тең құқылы қадамдар қабылдануы тиіс-ақ. Ал, әзірге қолымызда тұрған конкурс талабы «көз қысты, бармақ бастыға» жол бермейтін, таза біліктілігіңді таразылайтын талғам-талабымен жұмыс беруші тарапқа таяныш болып тұр десек тағы қателеспейміз.
Баян ҮСЕЙІНОВА