Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ҚАУІПСІЗ ТАҒАМ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ

ҚАУІПСІЗ ТАҒАМ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ


Бүгін Халықаралық азық-түлік қауіпсіздігі күні. Бұл – әлем назарын аударатын маңызды мәселе. Өйткені, әлемде жыл сайын 600 миллион адам тағамнан уланып, 420 мың адам көз жұмады. Бұл – әрбір 10-шы адам және олардың көпшілігі – жасөспірімдер.
Расында, тамақ – жай ғана азық емес, бұл – денсаулық, өмір сапасы, ұлт болашағы.
Сингапур 90 пайызын тағамын сырттан әкелсе де, ең қауіпсіз ел. Бақылау цифрлы, жүйе темірдей. Финляндия, Ирландия, Жапония – фермер мен тұтынушы арасындағы жолды толық бақылауға алған.
Бұл елдер қауіпсіздікті заңмен ғана емес, жауапкершілікпен шешіп отыр.
Бізде кең дала бар. Табиғи өнім өсіруге мүмкіндік мол. Бірақ. Базарда сертификатсыз көкөніс. Қаптамасыз тағам. Таңбаланбайтын ірімшік. Мұның бәрі – жүйенің әлсіздігін көрсетеді.
Бізде заң бар, бірақ тәртіп төмен.
Бізде мүмкіндік бар, бірақ мүдде әлсіз.

P.S. Азық-түлік қауіпсіздігі – бұл денсаулық, экономика, экология, құқық пен сенімнің түйіскен нүктесі. Бұл мәселеге жеңіл қарауға болмайды. Қауіпсіз тағам – денсаулық кепілі. Ал дені сау ұлт – мемлекет байлығы.
25 шілде 2025 ж. 157 0