» » «Қазақстан халқына»: Білім беру гранттарына конкурс жарияланады

«Қазақстан халқына»: Білім беру гранттарына конкурс жарияланады


«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялайды.


 Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай мен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Марат Абжаевтың қатысуымен өткен брифингте білгілі болды.
Бағдарлама 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылады. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының гранттары мен шәкіртақысына үміткерлер өзі таңдаған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына 10-17 тамыз аралығында өтінім береді.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін таңдаған талапкерлер университеттің қабылдау комиссиясына келіп өтінім беруі тиіс.
Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 15, №5 оқу ғимараты. Байланыс телфондары: 87242 23-53-92, 87757968970.
Үміткер өтінімді өз бетінше береді және осы үдеріс үшін жауапкершілікті өз мойнына алады, бұл ретте ҰБТ-ға қойылатын талаптар жыл сайын өзгеруі мүмкін екенін ескергені жөн, сондықтан бұл ақпаратты қабылдаушы жоғары оқу орнынан алдын ала нақтылауы қажет.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының: qazaqstanhalqyna.kz сайтынан табуға болады.
Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қоры ақылы бөлімде оқитын студенттерге білім грантын беруге конкурс жариялайды.
Конкурстан өткен студенттерге Қордың қаражаты есебінен оқуын жалғастыруға, шәкіртақы алуға мүмкіндік береді.
️Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
  • мүмкіндіктері шектеулі, мүгедектігі бар студенттер;
  • жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
  • ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттер;
  • толық емес отбасыдан шққан студенттер;
    – 1 және 2 топтағы мүгедек балаларды тәрбилеп жүрген отбасыдан шыққан студенттер;
    – ата-анасы немесе ата-анасының бірі 1 және 2 топ мүгедектігі студенттер.
    Айта кетейік, үміткер студенттер өздігінен 1-15 тамыз аралығында «Taiburyl» ҚБ-ң taiburyl.kz сайтына онлайн-өтінім береді.

27 шілде 2022 ж. 255 0