№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аймақ басшысы айшықты істерді саралады

Аймақ басшысы айшықты істерді саралады


Жаңақорған жұрты үшін биылғы жыл табысты түйінделді. Алғаш рет қос ауылға газ құрылысы толық жүргізілді, жарығы төмен ауылдарға электр жүйесі тартылуда. Су мәселесі шешілді, ауданаралық жолдар тегіс жөнделді. Ең бастысы, жыл соңында аудан орталығындағы қос мектеп ел игілігіне пайдалануға берілсе, Ақүйікте жаңа балабақшаның тұсауы кесілді. Көптен күткен аудан тұрғындарының қуанышымен бөлісу үшін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы ат басын бұрып, жаңақорғандықтармен жақсы жаңалықтарын бөлісті.

Жалпы биыл Сыр елінде түрлі әлеуметтік нысандар жаңадан еңсе тіктеп, қайта жаңғыра бастады. Келер жылға жоспар тіпті көп, өңір басшысы ауданға сапарындағы елге берген есебінде биыл мен келер жылдың жүйелі жоспарын жеткізді. Білім, медицина, спорт пен мәдениет саласы, транспорт, жол, газ мәселесін шешуде де жаңа құрылыстар басталады. Келер жылға облыс орталығына ғана емес, ауданға құйылатын инвестиция көлемі көңіл көншітеді. Ірі жобаның бірі томат пастасы өндірісі екенін айта кетуі­міз керек. Айта берсек, меже биік, барлығы уақыттың еншісінде.

Ақүйіктегі ағайынның қуанышы
Алдымен аймақ басшысы берекелі Бірлік ауылындағы балабақшаны ашып, балалар қуанышымен қауышып қайтты.
– Қазақ «өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» демей ме, біздің Сыр өңірі үшін 2022 жыл табысты түйінделді. Толайым табыстар мен қатар тарихи жыл болды деуге толық негіз бар. Президент биылғы жылды «Балалар жылы» деп бекітіп, қаншама міндеттер қойды. Әсіресе, білім саласына көп көңіл бөлінді, соның ішінде жыл басынан бері Қызылорда облысында 19 балабақша, 6 мектеп жаңадан бой көтерді. Оған қоса оқушылар үйі мен өнер мектебі де салынды.
Демеушілердің қолдауымен құны 1 млрд 600 млн теңгені құрайтын аудан және қала орталығында 80 спорт ойын алаңы салынды. Одан басқа да бірнеше спорттық кешендер мен мәдени нысандардың құрылысы жүргізілуде. Мұның барлығы елдің болашағы үішн, өскелең ұрпақ, жастар мен мен балалардың ертеңіне бағытталады.
Жаңақорған аудан үшін барыс жылы жаңалыққа толы болды. Ауылдарға газ келуде, ауыз су мәселесі шешілуде, одан бөлек электр жарығы кентте толық жаңғыртылу үстінде. Оның ішінде балабақша берілуде, жалпы өңірде балабақша мәселесі толық шешілген бірден бір аудан Жаңақорған. Келер жылға жоспар көп, бұйырса тағы да елді мекендерге бөбекжай құрылысын бастаймыз. Ең бастысы, балаларымыздың болашағы жарқын болсын. Бірлік ауылындағы бұл балабақшадан елдің тізгінін ұстайтын білімді ұрпақ шыға берсін, – деп облыс әкімі жылы лебізін білдірді.
90 орындық №7 «Қызғалдақ» бө­бекжай-бақшасының салынуына бюд­жеттен 366 млн. 900 мың теңге қар­жы бөлінген. Бас мердігер – «SCS Инжиниринг» ЖШС. Нысан заманауи үлгіде, әрі жаңа технологиялармен жабдықталған. Аймақ әкімінің тілегін қаржы саласының ардагері, ауданның тумасы Қалқазбек Әжібеков жалғады. Кешегі Кеңестік дәірдегі таршылық, егемендіктің алғашқы жылдарындағы тоқырау тұстағы еңбектің еңсесін еске түсіріп, бүгінгі жастарға келешек үшін қызмет етуге үндеді.
«Біздің Бірлік ауылымызда 2,5 мыңдай халық тұрады. Бірлігі жарасқан ауылда биыл сүйіншілейтін жаңалық көп. Ескі мектеп жаңарып, бүгін көптен бері күткен мемлекеттік балабақша ашылды, алдағы уақытта табиғи газ да қосылып, жолдар жөнделеді екен. Барлық түйткілді мәселелер орнықты шешіліп келеді, бұл біздерді қуанышқа бөлеуде», – деп ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әріпбек Асанұлы батасын берді.
Нұрлыбек Машбекұлы бастаған ар­найы делегат мекеме ішін аралап, құрылыс жұмысына оң бағасын бер­ді. Облыс басшысы қажет болған жағдай болса сұрауды тапсырды. Әрі жаңажылдық шыршаға келген бүл­діршіндерге тәтті сыйлықтар таратты және балабақша әкімшілігіне теледидар сыйға табыстады.
31 желтоқсан 2022 ж. 214 0