» » Біздің әкім "жылдың үздігі" атанды

Біздің әкім "жылдың үздігі" атанды

Сәрсенбінің таны осындай жағымды жаңалықпен атты ағайын!
Kyzylorda-news.kz сайты жариялаған сауалнама нәтижесі бойынша "Жылдың үздік аудан әкімі-2022” мәртебесі Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тілеумбетовке бұйырды. Дауыс беру нәтижесінде Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тілеумбетов 35% дауыс (8130 адам) жинап, көш басына шықты.


Айта кету керек, ауданда үстіміздегі жылы қаншама көшеге жол төселіп, жарықтандыру жүргізілді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша да қайтарымсыз грант алып,кәсіп бастағандар жетерлік. Соның ішінде 40 пайызға жуығы жастарға тиесілі. Мал шаруашылығы мен басқа да саланы толықтай назарда ұстаған аудан басшысы Жаңақорғанды осылайша жаңа қырынан танытты. Одан бөлек кәсіпкерлерді тарта отырып аудан көркіне көрік берер демалыс саябағы мен шалқия трассасынан кентке кіре беріс жердегі арканы да толықтай күрделі жөндеуден өткізіп, көліктердің қақтығыссыз жүруі үшін айналмалы жол салуды да күн тәртібіне енгізі, назардан тыс қалдырмады. Айта берсең қаншама тындырымды іс сөз жүзінде емес іс жүзінде іске асып, халық игілігіне берілді.
Құрметті Мұрат Жолкелдіұлы сізді осы жылы атқарған жұмыстарыңыздың жемісі халық тарапынан бағаланды. Мерейлі белесіңіз құтты болсын!



28 желтоқсан 2022 ж. 202 0