№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Аудан әкімі үздік түлектерге "Алтын белгі" табыстады

Аудан әкімі үздік түлектерге "Алтын белгі" табыстады


Кеше Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Жолкелдіұлы мен аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Мақсұтұлы аудандағы үздік түлектерді қабылдап, «Алтын белгі» табыстады.

Бұл мерейлі күн – ата-аналар мен ұстаздардың талай жылғы еңбегінің жемісі. Көңілдері алып-ұшып тұрған түлектердің балалықпен қош айтысып, үлкен өмірге қадам басатын сәті. Талабы мен таланты, білімі мен білігі тең түскен, бағы мен бабы қатар шапқан үздіктердің тоғыз жолдың торабында тұрып, өз бағыттарын таңдайтын айшықты мезет. Осы мерейлі мереке қарсаңында аудан әкімі мен білім бөлімінің басшысы «Алтын белгі» иегерлерін үздік нәтижелерімен құттықтап, ақ жол тіледі.

“Сіздер бүгін ең үздіксіздер, көпке үлгісіздер. Патриоттық міндеттерді орындаудың үлгісі болатындарыңызға, өз жолдарыңызды таңдап, өңірлік экономиканың дамуына үлес қосатындарыңызға сенімдімін. Сіздерге зор денсаулық, байлық, Жаңа Қазақстанның дамуы үшін игілікті істер тілеймін” - деді Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Жолкелдіұлы.

Айта кетейік, биыл аудан бойынша мектепті 953 оқушы бітірсе, оның 53-і «Алтын белгі» иегері атанды. 122-і оқушы «Үздік аттестат» иеленді.


17 маусым 2022 ж. 318 0