№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қосүйенкіге клуб үйі қажет

Қосүйенкіге клуб үйі қажет


Жаңақорғанда клуб үйі ескірген бірден-бір ауыл осы Қосүйеңкі. Ауданға әкім болып келгенде Мұрат Жолкелдіұлы осы мәселеге баса назар аударып, жаңадан клуб үйін салуға жұмыс жасауда. Бүгінгі сапарында аудан басшысы келер жылға міндетті түрде клуб үйін салатынын айтып, тұрғындарды қуантып қойды. Небір жазушылар мен өнер майталмандары шыққан мекеннің мәдениет үйі көп ұзамай мүлде жарамай қалу қаупі бар. Қазіргідей дамыған заманда жарты ғасыр бұрын асармен салынған ғимарат ауыл келбетін бұзып тұр.

– Келер жылға ауылға кіре беріс 1,2 шақырым жолға жарық орнату мен көше жөндеуге жоба жасаудамыз. Олардың құны 70-80 млн теңгедей болады. Одан бөлек те жұмыс межесі бар. Ең бастысы, ауылға кіре беріс көпірді реттедік. Жарық пен жол мәселесін реттеп алсақ болғаны, – деді ауыл әкімі. Аудан қазынасынан келер жылға мүмкіндік болса мол қаржы осыауылға жұмсалғалы тұр. Сондықтан аудан әкімі әрбір жасалған жұмысты сапалы, әрі барлық жүйеге сай салуды тапсырды. Өйткені, көп қаражат бұлай беріле бермейді. Одан бөлек, келер жылы әр ауылдың ажарын ашып тұратын көрнекілік жасауға Мұрат Жолкелдіұлы қосымша қаржы беруге ниетті.
05 желтоқсан 2022 ж. 209 0