№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Есірткісіз өмір ғажайып!

Есірткісіз өмір ғажайып!

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға
Менің атым –Нұрай. Жасым –он бесте. Көп өмір сүріп, көп біліп, көп көрмесем де, мен есірткісіз өмірдің жылы, жайлы, шуақты екенін білемін. Көріп те жүрмін. Кітаптан оқып, тәрби сағаттарында өтіліп, теледидарда берілген ақпараттардан есіткенім болмаса, әкем, туған-туыс, үрім-бұтағымыз, тіпті аудан, ауылымызда есірткі қабылдайтындар жоқ. Ол үшін жаратқанға шүкірлік етемін.
«Есірткі» деген атауды кім, қашан, қалай ойлап тауып, ат тақса да, нақ, дәл тауып қойыпты. Өйткені осы атау ес+іріткі сөздерінің бірігуінен жасалып тұрған жоқ па? Есі іріген адамда қандай пайым-парасат, ар мен намыс, ұят бар дейсің?! Ол не істеп, не қойғанын өзі де білмейді емес пе?! Есірткіге тәуелді болған адамның бар ойы тағы да наша шегу, қабылдауда болып, отбасы, туғаны, досы сол «нашаға» айналады емес пе?! Ұрлық, зорлық, алдап-арбау, жалпы қылымыстың түр-түріне ұрынады. Денсаулығының құрдымға кететіні тағы бар. Осындай өмір, осылай өмір сүру нашақорға қызық та мәнді болғанмен, дені сау, ақылы бүтін адамға ұстанар жол емес. Оның бетін аулақ қылсын!
Мен есірткіге тәуелді болып қалған жандарды жек көрмеймін, аяймын. Не себеп болды екен, әуес көріп, ұрынып қалды ма екен, әлде қараушысы, қамқоршысы жоқ болды ма екен  деп те ойланамын. Анадан жаңа туылғанда сондай таза, пәк болып, ақыл кіргенде неге бұрыс жолға түсіп кетті екен деп күйзелемін. Өмір деген адамға бір ғана рет берілетін Алланың сыйы, мүмкіндігі. НЕГЕ соны, НЕГЕ ???  деймін. Ия, сұрақ көп, жауап жоқ. Тек білетінім – тәрбиеміз, ортамыз, досымыз, отбасымыз дұрыс болуы керек. Қазақ  «Тәрбие басы –тал бесік», «Жақсы жерде жатсаң, жақсы түс көресің», «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің», «Доссыз адам, қанатсыз құс пен тең», «Дос жылатып айтады,..» деп баяғыда айтып кеткен. Абай атамыз бес нәрседен аулақ болуға, бес нәрсеге ынтық болуға шақырса, Мұқтар Әуезов «Қазақ, ел боламын десең, бесігіңді түзе», -деп ескертеді .
Сөз соңында жас буын, жас достарыма: «Өмірің өз қолыңда. Есірткі дегенге жолама! Есің іріп, өзге тұрмақ, өзіңді де танымай, таппай қаласың. Есірткісіз өмір ғажайып! Жоққа сабыр ет, барыңды бағалай біл!» дегім келеді. Есісірткісіз болашаққа нық сеніммен, батыл қадаммен аяқ басайық, Достар!

Қалиева Нұрай
194 орта мектебінің
10-сынып оқушысы
13 мамыр 2023 ж. 550 0